Жанәділ Райымбеков

Жанәділ Құрманбекұлы Райымбеков. 1984 жылы тамыз айында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бұрынғы Амангелді, қазіргі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылында дүниеге келген. Осынау Алатаудың бөктерінде орналасқан ғажап ауылда орта мектепті аяқтап, 2001-2005 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде жоғары білім алған. Университет қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, халықаралық конференцияларда, дебаттарда жүлделерге ие болады.

Университетті аяқтаған соң, 2005-2009 жылдар аралығында Жамбыл облысы, «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау» орталығында сабақ береді. Осы жылдары Жамбыл облысының Орталық мешітіндегі үгіт-насихат тобына мүше болады. Мешіт жанындағы аталған ұйым мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесе ұйымдастырған облыс аумағындағы қоғамдық лекцияларда ұлттық құндылықтар, тәрбие, дін мен дәстүр тақырыптарында дәріс оқиды.

Сондай-ақ, 2006-2010 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарады. Университтет қабырғасында ұстаздық етіп жүріп, Облыс аумағында өткен ұстаздар жарысында «Ең үздік, өнерлі жыл ұстазы» байқауының гран-приін жеңіп алады. 2008 жылы осы университетте факультет деканының орынбасары қызметіне тағайындалады. 2008-2010 жылдары ЖОО жұмысымен бірге, республикалық қажылар қауымдастығының Жамбыл облысы филиалының төрағасы қызметін атқарды.

2010 жылы Республикалық «Асыл арна» телеарнасының директорының көмекшісі әрі журналист қызметіне тағайындалады. Ол қатерлі ісік ауруымен ауырған бүлдіршіндерге арналған «Өмір сүргім келеді» ,-деп аталатын, тастанды балалар жайын қозғайтын «Нәжіске тасталған нәресте»,-сияқты тб арнайы бағдарламалардың авторы. «Социальный проэкт», «социальный эксперимент», бағдарламаларының идея авторы әрі жүргізушісі. Тікелей эфирде өтетін «Маңызды мәселе»,- бағдарламасының жүргізушісі және көптеген «Асыл арна» телеарнасының әлеуметтік роликтерінің авторы. Қазіргі кезде «Асыл арна» телеарнасының «Қоғаммен байланыс» департаментінің директоры. . Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Үйленген. Үш ұл, екі қызы бар.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: