25.08.2021
  996


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көсе

Біреудің сақалының жартысы ақ, жартысы қара болса керек. Әлгінің екі әйелі бар екен, бірі — қартаң, екіншісі — жас. Әйелдер ерін сыйлап, өздері де тату-тәтті тұрыпты. Бірақ өзара ақылдасып ынтымаққа келмеген бір нәрсесі болыпты. Ол мынау екен. Қартаң әйел ерінің сақалын тарағанда қарасын жұлып, қылаңын қалдыратын болыпты да, ал жасы тараса қылаңын жұлып, қарасын қалдыра берген. Келе-келе, әрине, ол адам бұлдыры жоқ көсе боп шыққан екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аяжан
Аяжан 21.11.2022 17:29
Маған ұнады, оқуға ынғайлы

Пікір жазу