Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  101


Автор: Сәкен Иманасов

...дауласпайық

...дауласпайық,
жә, тіпті!
Сен менімен болмадың ба шынымен-ақ бақытты?
Сенен басқа
гүл өңінің әрін беріп,
құнына
қай қыз
жігіт жүрегінің қанынан дәм татыпты?!
Ақырғы рет сарқып ішіп шарасынан шаттықтың
Есіңде ме,
біз екеуміз ажырасар ақтық түн?—
Қара түнге құлақ түріп,
жылап тұрып,
кенеттен:
— Бәрі өзімнен,
бәрі өзімнен,
бәрі өзімнен!—
демеп пе ең!
Шаңырағым шайқалып та барып,
қайта түзелді.
Кінәласып,
жауласпайық,
дауласпайық біз енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу