Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  147


Автор: Анар Шамшадинова

Қара жердің астында

Қара жердің астында
Қалай жатсың үндемей?
Зілі батпай тастың да,
Күндіз демей, түн демей,
Неғып жатсың үндемей?
Қара жердің қойнында,
Құштарлықты жойдың ба?
Өмірге иә адамға,
Қоғамға иә заманға,
Бәріне әлде тойдың ба?
Мұң азайып мойныңда
Көздің жасы тәмам ба?
Қара жердің қойнында
Періштелер аман ба?
Жұмақ жақта әманда.
Қара жердің құшағы
Қалай сені ұстады?
Ызғарымен қыстағы,
Мұз-қарымен тыстағы
Тіршіліктің бұ шағы.
Сенсіз көктем гүлдемей,
Жаз шуақпен күл демей,
Күз көңілсіз өтуде
Қара жердің шетінде
Неғып жатсың үндемей
Күндіз демей, түн демей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу