Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2021
314
Жарыста озар лайық
Қай кезде де болған ғой тақ таласы,
Әкеге бала болған бақталасы.
Жақсы-жаман патшалар келер-кетер,
Тек қана өмір жыры тоқтамасын.
Дидар ғайып, адамға ажал ғайып,
Әлемде болған істен көз алмайық.
Әбділдин, Әбіловтер аласұрған,
«Қазақ елін құртты – деп Назарбаев».
Өмір – базар, жеткенше әл базарлайық,
Өмір – жарыс, жарыста озар лайық.
Бақталастар не айтпайды тақ жолында,
Қазақты қазақ еткен Назарбаев.
Өсек өрт-ау шайпау тіл сумаң еткен,
Кей патшалар өмірін думан еткен.
Тақ құмарлар елімді етпесе екен,
Құдайкенің көшіндей суға кеткен.
27. 02. 2007 жыл.
жарыс өмір Назарбаев бақталас Айтуар Өтегенов Айтуар Өтегенов шығармашылығы Айтуар Өтегенов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇