Өлеңдер ✍️

  11.06.2021
  27262


Автор: Ілияс Жансүгіров

Жазғытұрым

Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртьшты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналык та күлелік,
Қос басына мінелік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жасмина
Жасмина 04.12.2024 13:48
Барлығымыз дұрыс айтасыздар
Динар
Динар 29.11.2024 18:58
Маған қатты ұнады бірақ жаз деген өлеңнің тападым
Маржан
Маржан 21.11.2024 19:09
Өте әдемі өлең, маған осы өлең ұнады көп рахмет, барлығымыз жаттап жүрейік?
Динара
Динара 20.11.2024 13:00
Қандай керемет өлең? Әсіресе, қыстың таяп қалған шағында, жазғытұрыны аңсап тұрған кезде, осы өлеңді оқып, бір шаттанып аласың, шіркін?
Динара
Динара 14.11.2024 00:38
Жаттауға ыңғайлы екен. Маған ұнады ?
Жай
Жай 11.02.2024 12:06
Бұл не қазақшаға аудара алмаймыз ғой
Гульнара
Гульнара 29.01.2024 20:38
Маган осы олен катты унайды жаттаугада ынгайлы айтуга да онай! Жалпы осындай олендеры бар екенын катты куанамын!!Олендеры умытпай жаттап журейык достар!❤️❤️??

Пікір жазу