Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  471


Автор: Сүйінбай Аронұлы

Сәлде ораған Қожаға

Сәлде ораған басына, байғұс Қожа,
Қарайсың дегелекше мойның соза.
Алпыс екі мақаммен сөз сөйлеген,
Халықтың ақынымын арым таза!
Қызылбастың топысын киіп алып,
Жүгіресің біреулер болса қаза.
Қызып тұрған тамұқта шоққа түсіп,
Қожам-ау, тұтып жүрме өзің аза!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

20.02.2025 21:56
Менің атым Қожаға өлең шығарып бере аласызба өтініш ???????????????? тезірек

Пікір жазу