Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  6


Автор: Иран-Ғайып

Кешемін бе

Кешемін бе,
Кермін бе,
Түбімді аршып қазамын:
Өлуін –
Сен өлдің де,
«Өлеңін» мен жазамын.
Өксіп өмірім бұғынды,
Шейіт кеппен шендесіп.
Сен кешетін ғұмырды,
Обал болды-ау,
Мен кешіп.
Тағдыр тосын зарлатты,
Бармағымды тістедім.
Сен ішетін шәрбатты,
Қылмыс –
Менің ішкенім.
Сен баратын жерлерге,
Қара басты,
Мен барып –
Орта жаска келгенде,
Іш дәретін қамданып...
Сен көретін кызықты
Не бетіммен көремін?!
...Ойбай,
Ойым бұзықты –
Ұлым,
Қашан өлемін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу