Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  4


Автор: Иран-Ғайып

Фәни жалған сорлысы

Фәни жалған сорлысы –
Жапа шеккен жалқымын.
Табиғаты-болмысы –
Тайтұяқ саф алтыным.
Жоқ күйіңнен шошынып,
Уланамын буыңа –
Зар-дауысым қосылып
Дүниенің шуына.
Сөз жезіне жұбанбай,
Бездей суый бастадым,
Қарашұбар жыландай
Бауырыма басқаным.
Құт бергенім қойныма,
Өтелмесе төлемің –
Жалғыздықтың мойнына
Оратылып өлемін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу