Эсселер ✍️

  13.02.2026
  9


Пара – қоғам психологиясының зардабы

 


 


Лид: Қазақстанда пара мәселесі ұзақ уақыттан бері қоғамды алаңдататын тақырып. Біреу оны «біреу‑екі доллар берген‑алғанда не өтеді?» деп жеңіл қабылдаса, басқалар үшін бұл – әлеуметтік жүйені әлсіртетін, жастардың дүниетанымына әсер ететін ауыр дерт. Пара тек заң бұзу емес, бұл біздің қоғамдық психологиямыздың айнасы. Бұл мәселені жоюға бағытталған әрекеттер жоқтан күшті, дегенмен нақты тәжірибе мен шығармашылық тәсілдер қажет.


Автор: Серік Аружан,10-сынып оқушысы


 


Мәтін:


Соңғы жылдары елімізде параға қатысты істер көп айтылды. Мысалы, бұрынғы премьер‑министр Серік Ахмет 2015 жылы ірі көлемде пара алып, бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен 10 жылға сотталған болатын, бұл оқиға жоғары лауазымды тұлғалардың да заң алдында жауап беретінін көрсетті. Осылайша қоғам біраз өзгерістер күткен еді, біраш сол өзгеріс толық жүрген жоқ. Тағы бір мысал - Қуандық Бішімбаев ҚР-ының  бұрынғы экономика министрі, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеуге тартылды. Бұл істер халықтың санасында «пара әлі де бар, бірақ кейбіреулер жазаланады» деген күрделі түсінік қалыптастырды.


 


Қазақстанда әр салада параға қатысты оқиғалар кездеседі. Денсаулық сақтау саласында фармацевтика жұмысшылары мемлекеттен 10 млн ұрлады бұл медициналық жүйедегі бақылаудың әлсіздігін көрсетеді. Жол құрылысында да сапасыз жұмыстар туралы жиі шағымдар естіледі, ал талдау көрсеткендей кейде сапасыз келісімдерге пара қатысы бары сөз болады.


 


Қарапайым азаматтар арасында да пара туралы пікір әртүрлі. Бір адам: «Егер ресми жолмен шешілмейтін мәселе болса, кейде пара беру керек сияқты» дейді. Тағы біреу: «Пара беру жаман,заң бұзу, бірақ мен ол туралы ашық айта алмаймын, қорқамын» деп жауап берді. Мұндай екіұдай пікірлер параны қоғамдағы қалыпты,дұрыс жағдай ретінде қабылдайтын адамдардың бар екенін көрсетеді, бұл Қазақстан қоғамының психологиялық ахуалын көрсететін маңызды құбылыс.


 


Неліктен пара әлі де көп кездеседі? Біріншіден, ол экономикалық жағдай әсер етеді. Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен болғандықтан, олар қосымша табыс іздеуге мәжбүр. Бұл мәселе әсіресе ауылдық аймақтарда қатты сезіледі. Екіншіден, параның «жеңіл жол» деген қабылдануы бар. Жастардың арасында параны «әрі тез, әрі оңай» деп түсіну кең таралған, әсіресе жүргізуші куәлігін алу кезінде пара тәжірибесі туралы пікірталастар әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. Бұл жастарға параны заңсыз, бірақ «қалыпты» іс ретінде қабылдауға әкеледі.


 


Үшіншіден,қатаң бақылау жоқ, параның таралуына себепші. Кей жағдайларда пара беру фактілері анықталмай қалады немесе «ішімізде шешеміз» деген түсінік қалыптасады. Бұл коррупцияның қайтадан пайда болу мүмкіндігін арттырады.


 


Пара мәселесінің қоғамға әсері өте терең. Біріншіден, бұл мемелекеттік  сенімді әлсіретеді. Егер халық мемлекеттік қызметкерлердің бәрі адал емес деп санаса, онда заң мен жүйеге сенім азаяды. Екіншіден,экономикалық зиян  пайда болады. Парамен алынған келісімдер көбіне сапасыз өнімдер мен қызметтерге әкеледі. Мысалы, жол салуда пара берген компания жеңіп шықса, сапасыз жолдар салынуы мүмкін. Үшіншіден, жастардың дүниетанымына кері әсер етеді. Егер жастар параны қалыпты іс деп қабылдаса, бұл олардың моральдық құндылықтарын әлсіретіп, қоғамдағы әділдік пен теңдік туралы түсінікті бұрмалайды.


 


Ал енді бұл мәселені шешудің жаңа, жолдарын қарастырайық. Дәстүрлі қатаң жазалар мен заңнамалық өзгерістер біршама нәтиже береді, бірақ бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Мен сіздерге қоғамдық сауалнама негізінде жасалған, шешімдерді ұсынамын.


 


Мен жақында бірнеше мектепте, колледждерде шағын сауалнама жүргіздім. Оның нәтижесі пара мәселесіне деген көзқарастың алуан түрлі екенін көрсетті. Кейбір студенттер:


— « Адам адал болса,парасыз да кез келген нәрсені шеше аламыз» деді.


Ал кейбір жас ақсақалдар:


— «Біз жас кезімізде пара туралы көп естідік, бірақ қазір жастар параны күлкілі нәрсе деп қабылдайды» деп айтты.


 


Осы сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, мен мынадай шешім жолдарын ұсынамын:


1. Адалдық ақиялары– мектептер мен колледждерде өтіп, жастар пара мен әділетсіздік туралы ашық сөйлеседі. Бұл формат ойын және пікірталас арқылы өтеді.


2. Қоғамдық диалог клубтары – әр ай сайын өтетін ашық кездесулерде азаматтар өз мәселелерін айтып, парасыз шешу жолдарын талқылайды. Қатысушылар – бизнес өкілдері, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер.


3. Цифрлық бақылау платформасы – азаматтар өздері көрген, естіген пара беру фактілерін аноним түрде жібере алады, ал солар негізінде қоғамдық рейтингтер пайда болады. Бұл пара қатысы бар қызметкерлердің рейтингін төмендетеді және оларға қысым жасайды.


 


Пара мәселесі ол тек заң бойынша ғана шеше салатын проблема емес. Бұл қоғамның өз саснысын өзгертуді талап етеән құбылыс. Егер біз параны жастардың санасынан шығарып, оны моральдық тұрғыдан қабылдамайтын жағдайға жеткізсек, ол өздігінен жойыла бастайды. Әр азаматтың өз үлесін қосып, әділдік пен адалдықты қолдауы – біздің ортақ міндетіміз.


 


 


Әдебиет тізімі


1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі, 2014 жыл.


  2. Сәдуақасова Г., Пара мәселесі мен қоғамдағы салдары, Қазақ гуманитарлық ғылыми журналы, 2020.


3.Оқушылар арасындағы сауалнама.


4. OCCRP, Kazakhstan: Former Economic Minister Accused, 2025.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу