24.11.2025
  469


Ашаршылық нәубеті

Тарихтан "ашаршылық нәубеті" тақырыбын өткенде, денем түршігіп  кетті. Тақырыптың жан дүниеме қатты әсер еткені  соншалық, үйге келіп қайта оқып шықтым. "Сол заманның адамдары қандай төзімді еді" деп ойладым. Жанымда әжемнің ескі тарих кітабы тұр еді, оны да бір оқып шығуды ұйғардым. Бір парақты ашқаным сол еді — кенет көзім шағылысып, айналам тұманданып кетті. Алдымдағы үстел, бөлмедегі кітаптар — бәрі бір сәтте алыстап бара жатқандай болды. 


 


Көзімді ашсам, мүлде басқа жерде тұрмын.


Киіз үй, сары дала, жұпыны киінген адамдар… 


 


— Мен қайдамын?.. 


 


Жаныма жақындай берген қарапайым киімді жас қыз маған таңырқай қарап қалды. 


 


— Қалың қалай? Мен сені бірінші рет көріп тұрмын, — деді ол. 


 


Мен жан-жағыма қарап, абдырап тұрмын. 


 


— Мен… басқа уақыттанмын. Жаңа ғана үйде едім… 


 


Қыз жымиып қойды, бірақ көзі мұңға толы еді. 


 


— Егер сен шынымен басқа уақыттан келген болсаң, біздің ауылға қош келдің… Қазір ауылымызды жұт жайлады. Күннен күнге адамдар азайып жатыр. Бірақ сен мән бер ме,сен қонақсың, жүр, мен саған ауылды көрсетейін. 


 


Ол мені ауылмен таныстырды. Үйлері жұпыны тұрғызылған, бірақ адамдардың көзінде оты сөнбеген. Біреуі отын жарып жатыр, біреуі балаларға жылы киім тігіп отыр. 


 


— Сендер қалай шыдап жүрсіңдер? 


 


— Шыдаудан басқа амал жоқ қой. Біз болашақтан  үмітімізді үзбейміз. Әжем айтады: “Адам үмітін жоғалтса ғана жойылады” деп. 


 


Бұл сөз жүрегіме қатты тиді.


Кеше ғана мен сабақтан шаршап, тапсырма көп деп ренжіп жүргенмін. Ал мұндағы адамдардың өмірге  реніші де  жоқ. Керсінше ертеңгі күннен көп үміт күтеді. 


 


Сәлден кейін аспан кенет қоюланып, айнала тағы да тұманданып кетті.


Қыз қолымды ұстап үлгерді. 


 


— Егер өз уақытыңа оралсаң… бізді ұмытпа. Біз көрген нәубетті ешкімнің басына салмасын. 


 


Тұман басылғанда, қайтадан өз бөлмемде отыр екенмін. Дәптер ашық күйі алдымда жатыр. 


 


Мен терең дем алдым.


Бұрын ашаршылық туралы тек кітаптағы деректер арқылы білуші едім, ал бүгін сол оқиғаға өз көзіммен куә болдым.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу