Өлеңдер ✍️

  01.09.2025
  332


Автор: Абдраманов Арсланбек

Маңғыстау шаңы

Маңғыстау да көз аштырмас шаңлы боран соғады,


Бүгінгі іс, ертеңге қалып, жұрт үйінде тығылып жатады,


Көз тастасаң далаға ештеңе де көрінбей,


Сұқ-сұқ етіп терезені ойып барады!


 


Ашулы боран гу-гу етіп соғады,


Жаңбыр жауып үстінен, жағаласып қояды,


Шаң мен жаңбырдың арасындағы бұл күрес,


Түбінде бәрі-бір жаңбыр жеңіп шығады!


 


Автор: Абдраманов Арсланбек ©




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу