Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2025
802
Анама арналған өлен
Мен үшін жалғыз ғана асыл жан ,
Өмір мен үміт берген - Анам менің .
Жүрегімнің күні болып жарқыраған ,
Жылу берген күндей мейір даусынан.
«Не қымбат?» деп сұраса егер біреу,
Жауабым – тек ана ғана, жанды сүйеу.
Жәннат кілті жатыр сенің табыңда,
Сен бар кезде жоғалмайды менің үнім.
Тамсанамын жүзіндегі нұрға мен,
Мөлдір көзің – шуақ шашқан түндерден.
Күлкің – айдай, жарық сыйлар жанымда,
Ал ең асыл – мейір тұнған өзіңде.
Аман жүрші, анашым, әрдайым,
Сізсіз біздің бұл өмірде мән қайда?
Бақытты боп, жайнап өтші ғұмырда,
Алла өзі жар болғай сізге әрдайда.
Автор : Жандос Калитаев
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇