Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  453


Автор: Самрат Құскенов

Аймановтың монологы

 



Ех, Гүлнұр!
Сіз мені таң қалдырдыңыз,
Жүрекке ауыр ойды салдырдыңыз.
Жұп-жұмсақ креслоға жайғасарда,
Портал деп аяғымнан шалдырдыңыз.



Сайлау деп көтерсем де беделімді,
Маман боп қастерлеймін мекенімді.
Сырт көзге кандидат боп көрінсем де,
Білемін мен сәндидат екенімді.



Бұл өмір тұрғызады тайғанды да,
Медицина витамин дер айранды да.
Айманов жалған сөйлей алмай отыр,
Наймандар алдағанмен шайтанды да.



Еш сөзін пысқырмайтын жамағаттың,
Салмағы бізге түсті жаман аттың.
Халықтың мұң-мұқтажын түсінбеймін,
Қамытын кигендіктен «Аманаттың».



«Аманат» – Нұр Отанның шежіресі,
Шежіре тамыр болып өріледі.
Атауы өзгергенмен құжаттағы,
Партияның өзгермейді төңірегі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу