Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2025
285
Уақыттың ағымы
Бала едік..жоқ титтей алаңы,
Қуантқан үй-ішін қадамы.
Сарқырап ағатын өмірдің,
Ағысы әкетіп барады…
Қас-қағым сыныптар ауыстық,
Үйрендік айтуды аз шүкірлік.
Мектепті қалай тез тауыстық?
Оқуды қалай тез бітірдік?
Бола ма адамның дегені?!
Шықпайды көбелек көруге.
Әпкем де бала емес.Бөпелі.
Анам да қыр асса елуде…
Шақырып дәм-тұзым,жарығым,
Арқалап уақыттың тәлімін.
Мен енді Дараның анасы,
Мен енді Жанымның жарымын!
21.10.2022
23:20
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇