Эсселер ✍️

  13.05.2025
  298


«Біз есірткісіз өмірді қалаймыз»

Есірткі - адамзат өміріндегі ең маңызды әлеуметтік және медициналық мәселелердің бірі. Оның зияны тек адамның ағзасына, өміріне, жақындарына ғана емес қоғамдық өмірге де кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда ең ауқымды мәселелердің бірі ол есірткі, көптеген елдер соның ішінде Қазақстан осы мәселемен айналасуда. Жаңа Қазақстан жас ұрпақты сау, саналы болуға шақыруда. Бұл мақалада есірткінің бас мәселе екенің одан бас тартудың маңыздылығы және есірткісіз өмірді таңдаудың артықшылықтары туралы баяндалады. 


Есірткінің зияны және оның салдары. 


Есірткі - адам денсаулығына кері әсер ететің және ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Физикалық және психологиялық тәуелділік тудыратын қауіпті зат. Ағзадағы есірткі заттарды анықтау мүмкін емес олар адамның ми санасына және психикаға теріс әсер етіп адамның ойлау қабілеті нашарлануына әкеледі. Есірткіге үйреніп кету өте оңай, ал одан құтылу - қиынның қиыны. Қолданатың адамдардың ағзасы нашарлап, иммундық жүйесі әлсірейді. Көптеген есірткі түрлері мидың жұмысын бұзып, ақыл - ой  қабілетін төмендетеді, есте сақтау және назар аудару сияқты психикалық қызметтерді бұзады. Зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайды: кез келген 


есірткі улы болып табылады.  


Есірткіге тәуелділік адамның рухани әлеміне де кері әсер етеді. Ол өз - өзің және өз өмірін басқару қабілетін жоғалтып жақындарымен қарым - қатынасын бұзады. Бұл мәселе тек жеке тұлғаның емес, бүкіл қоғамның проблемасы болып табылады, себебі есірткі қолданатын адамдар көбінесе қылмыс жасауға бейім болады егер әлеуметтік тұрғыдан алғанда, есірткі қоғамдағы зорлық - зомбылықты, қылмысты, кедейлікті арттырады және болашақ жаңа ұрпаққа қауіп төндіреді. 


Есірткісіз өмірдің маңызы


Есірткісіз өмір сүру - денсаулыққа, рухани тыныштыққа және жалпы өмір сапасына пайдалы. Есірткіден бас тарту арқылы адам өзін еркін сезініп, өзінің потенциалын толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ішкі жан дүниені байытып, өмірдің мәнін терең түсінуге құлшынады. Денсаулығы жақсы адам өз болашағына сеніммен қарай алады, қиындықтарға төтеп береді. Бұл адамдарға өмірдің түрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, әрбір сәттен ләззат алуға көмектеседі. Сонымен қатар, есірткісіз өмір отбасылық бақыттың негізі болып табылады. Әрбір отбасы, ата - ана баласына дұрыс тәлім - тәрбие беріп, есірткіден аулақ болуға шақыруы керек. Отбасы ішіндегі келіспеушілік болмаса арасында тек түсіністік пен махаббат болғанда, адам баласы ешқашан зиянды әдеттерге бой алдырмайды. Есірткісіз өмір - салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, отбасын сақтауға және нығайтуға септігін тигізеді. 


Есірткісіз өмірге қалай жетеміз ? 


Есірткісіз өмірге қол жеткізу үшін қоғам болып әрекет етуіміз қажет. Әр тұлға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы маңызды. Есірткінің зияны  туралы білім беру мектептен басталуы тиіс. Жас ұрпақты ерте жастан есірткіге қарсы күресуге, оның қаншалықты маңызды және қауіпті екенің түсіндіру қажет. Білім беру мекемелерінде, спорт секцияларында, өнер және мәдениет орталықтарында жасөспірімдерді пайдалы істерге тарту - олардың есірткіге деген қызығушылығын болдырмаудың бір жолы. 


Есірткесіз өмірге жету үшін жастар арасында әртүрлі жарыстар ұйымдастыру қажет. Әрбір жасөспірім өзінің күшің, уақытын пайдалы істерге жұмсап, болашаққа жауапкершілікпен қарауы тиіс. Спорт - тек денсаулықты жақсарту ғана емес, мінез - құлықты қалыптастыру, мақсатқа ұмтылуды дамытады. Сондықтан спортпен шұғылдану - есірткіге қарсы ең мықты қадамдардың бірі. 


Біз есірткісіз өмірді қалаймыз, өйткені есірткі адамның денсаулығына, өміріне, жақындарына сонымен қатар бүкіл қоғамға үлкен зиян келтіреді. Сау салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тәрбие беру және жас ұрпақты пайдалы істерге татру арқылы біз есірткісіз қоғам құруға қадам жасаймыз. 


Есірткісіз өмір - бұл жарқын болашақтың, ағзаның және рухани тыныштығының кепілі. Сондықтан әрбір тұлға әрбір азамат өзінің өміріне жауапкершілікпен қарап, есірткіден бас тартуды және өзгелерге үлгі болуды таңдауы тиіс. Есірткіден аулақ болайық, жаңа Қазақстан болуымызға және салауатты қоғам құруға атсалысайық. Есірткеге тыйым салыну ол өмірдің ең құнды сыйларын сақтау, болашағыңды онымен бірге жақындарыңды қорғау деген сөз. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу