Эсселер ✍️
Ұлттық киім – ұлттың рухани байлығы
Қазақтың ұлттық киімі – халқымыздың сан ғасырлық тарихының бір бөлшегі. Ол – сұлулық пен сәннің ғана емес, ұлттың рухани байлығының көрінісі. Ата-бабаларымыз киімге ерекше мән берген. Киім арқылы адамның әлеуметтік мәртебесі, жас ерекшелігі, тіпті мінезі де байқалған.
Мен ұлттық киімді ерекше жақсы көремін. Әсіресе, қыздардың зерлі камзолы мен ақ орамалы, ал ер адамдардың шапаны мен бөркі маған қатты ұнайды. Қазақтың ұлттық киімдері өте әдемі әрі ыңғайлы болған. Бұрынғы заманда әр киім табиғи маталардан тігілген, оған ұлттық оюлар мен күміс әшекейлер тағылған.
Қазір ұлттық киімдер заманауи үлгіде қайта жаңғырып келеді. Жастар оны күнделікті өмірде киюге бейімдеп жатыр. Бұл – қуантарлық жағдай. Себебі ұлттық киімді дәріптеу – өз тарихыңды, мәдениетіңді дәріптеу деген сөз. Ұлттық киім күні бізге осы құндылықты еске салып, ата-бабалар мұрасын бағалауға үйретеді. Сондықтан әрбір қазақ баласы ұлттық киімін мақтан тұтып, оны қадірлеуі тиіс!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇