Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  181


Автор: Еркін Оралбайұлы

КҮЗ КЕЛІП

 


 


Күз де келіп жаңбыр жауып себелеп,


Дымқыл шөптер тоңып баяу тербелед(і).


Тұрғандай ма қурап-шіріп гүл біткен,


Өткінші өмір, мəңгіліккке сенбе деп.


 


Дала тұман, ызғар лебі сезіліп,


Жер де батпақ, саз балшық боп езіліп.


Қарамастан ақ жауынға келемін,


Қала ма деп сəулем менің кезігіп.


 


Көңілім де күз күніндей жабырқап,


Не себептен көңіл бүгін тарықпақ.


Сезгендей ме бір жамандық жүрегім,


Тұрған кеше көңіл құсы шарықтап.


 


Ызғарымен күзде салқын жел ескен,


Дым қалмаған суық сорып жемістен.


Күтіп тұрмын сол бір жанды əлі жоқ,


Келемін деп кездесуге келіскен.


 


Əр сөзімді өткізіп ой електен,


Келмеді деп кездесуге неліктен.


Сені ғана күтем неге сұлуым,


Əлде, жаным, басқалардан бөлек пе ең?


 


Кеше бұлай боларын мен біліп пе ем,


Əлде өтірік кеше маған күліп пе ең.


Білесің бе?


Бір көруге асығып,


Сені ойлаумен талай менде түн өткен.


 


Бұл күз бітіп жазда келер жадырап,


Оралар деп күте берем үмітпен.


 


Еркін Оралбайұлы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу