Өлеңдер ✍️
КЕШІГІП
Неге жүрем, мен өмірі кешігіп?
Тиесілі тағдыр сыйын кеш іліп.
Орта жаста бастап өлең жазуды,
Поэзия дəмін таттым кеш біліп.
Шабыт келген көңілімді өсіріп,
Өлең жолы қара жолдай көсіліп.
Итермелеп өлеңге бір тылсым күш,
Бойды буып, алғандай бір өшігіп.
Ұйқы ұрлап түнді күнге көшіріп,
Ақ параққа жазып қайта өшіріп.
Өлең мəнін білмесем де толықтай,
Үсті-үстіне жаза бергем өршігіп.
Ойға батып бір нүктеге тесіліп,
Сезім буып кейде кеткем есіріп.
Кездерім бар тығырыққа тірелген,
Жетпегендей алған білім ескіріп.
Бар білгенше жазар сөзді пісіріп,
Келген ойды ақ қағазға түсіріп.
Əр сөзімді нақтылауға тырыстым,
Оқыса деп оқырмандар түсініп.
Сөзді тердім тілден тиек шешіліп,
Жыр шумағы жібек жіптей есіліп.
Білгенімді жаза бергем тоқтамай,
Тайынбас деп алған адам шешініп.
Еркін Оралбайұлы 23.04.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇