Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
78
УАҚЫТША
Бұл дүние жалған, уақытша,
Билігің жүрмес уақытқа.
Дəм-тұзың бітіп таусылса,
Құтқармас алтын, жақұт та.
Тағдырға жүрген көндіге,
Бір күнде қайғы төнді де.
Дүниеден озды жан əке,
Алладан бұйрық келді де.
Орының қалды ойсырап,
Өшкендей болып шам шырақ.
Ертерек неге алды деп,
Жүректе қалды сан сұрақ.
Боларсың бізден жырақта,
Тәңірім енді жылатпа.
Қол жайып, дұға жасаймыз,
Болсын деп орның жұмақта.
Еркін Оралбайұлы 6.07.2017
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇