Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  103


Автор: Еркін Оралбайұлы

КҮЛІМДЕ ЖАНЫМ

 


 


Күлімде жаным, күлімде,


Сезіліп бақыт үніңде.


Бақыт болсын көргенің,


Осындай жас күніңде.


Қайғы өтсін айналып,


Жамандық көріп түңілме.


Шытылмасын қабағың,


Күлкі тұрсын түріңде.


Саған деген бір сезім,


Ұялаған орнығып,


Жүрегімнің түбінде.


Сені ойлаумен өтеді,


Ұйқысыз ұзақ түнім де.


Сені сүйген жүрегім,


Сүйе алмасын білемін,


Басқа жанның бірін де.


Өмір жолда тым ұзақ,


Бақытты бол, сүрінбе.


Жүзіңнен күлкі кетпесін,


Күлімде тағы, күлімде.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу