Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  73


Автор: Еркін Оралбайұлы

МҮМКІН БЕ?

 


 


Ұмыт қылу сүйген жанды мүмкін бе?


Əр бір өткен күн татыса мың күнге.


Ұмыт дейді, оңай ма екен ұмыту?


Нəзік сезім тастай салар мүлкің бе?


 


Қалай бəрін ұмытарсың бір күнде,


Жүрек толса сезім атты бүлкілге.


Жан тəніңмен сүйіп оны іздесең,


Оңай дейсің жан қиналса, бұл кімге.


 


Дауа бар ма сезім атты шіркінге?


Қызық дейсің ішіңдегі шер кімге?


Іштен тынып отырарсың амалсыз,


Тұру үшін берген антың, сертіңде.  


 


Мəн кеткендей өмір толып кіл күлге,


Қайғы лебі сезілердей күлкіңде.


Сағынышпен еске алып өткенді,


Кірпік ілмей созылады күн түнге.


 


Болса шіркін бəрі менің еркімде,


Күрес дер ем ет жүрекке іркілме.


Айырбастап жіберер ем ойланбай,


Бар өмірді өзіңмен өткен бір күнге.


 


Мұң шағамын сенсіз енді мен кімге,


Қалай айтам жүрегіме мұң кірме.


Тырысыңыз, ойламаңыз дегенсің,


Сені ойламай өмір сүру мүмкін бе?


 


Еркін Оралбайұлы  1.05.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу