Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  69


Автор: Еркін Оралбайұлы

ШЫДАЙМЫН БА?

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


Шыдаймын ба?


Хабарласпай сүйікті, шырайлыма?


Бағынам ба жүректің сыңайына?


Ұмыттыра алар ма сені маған?


Өтіп жатқан тоқтаусыз жыл, ай мына.


 


Шыдаймын ба?


Қара бұлттай қаптаған шын қайғыға,


Батса қайтем бұл қайғы шымбайыма.


Тырыссам да шыдауға күмəн басым,


Бір күндері шыдамай сынбаймын ба?


 


Шыдаймын ба?


Шыдам шегі таусылар сыңайлы ма?


Əлде тағдыр осылай сынайды ма?


Бұл өмірде, бір жола мүмкін бе екен?


Сүйген жанды ұмытып шын айнуға.


 


Шыдаймын ба?


Жүрек тола бере ме, жылай мұңға?


Кер құландай оқ тиген сұлай құмға.


Сезім үшін күреспей өтемін бе?


Тағдыр атты қатыгез шыдай сұмға.


 


Шыдаймын ба?


Кеткенім бе, өзіңнен шын айрыла?


Жүрме əлде сəтсіздік шыр айнала.


Бақыт беріп басында қайта алып,


Қайғы бəрін осылай шырмайды ма?


 


Еркін Оралбайұлы  3.05.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу