Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  72


Автор: Еркін Оралбайұлы

МЕНІКІСІҢ

 


 


Болсаң да алыс жырақта, менікісің,


Қия алмаймын сені ешкімге мені түсін.


Жүректегі сезімімді жеткізем деп,


Дайын болғам бәріне де сенім үшін.


 


Тағдыр бөліп əкетсе де, менікісің,


Түсінбеген кейбір жандар мейлі күлсін.


Ұмыт мені деген едің, мүмкін бе ол?


Жүрек сыздап ізде сені, дейді күрсін.


 


Есіңде ме, дегенмін тек менікісің,


Мазаңды алар болайын мен мезі кісің.


Күннен күнге өрши түскен сені іздеп,


Енді ғана білгендеймін сезім күшін.


 


Сені ешкімге қимаймын, менікісің,


Мендік сезім жүрегіңе еніп, кірсін.


Ұя салып сол бір сезім жүрегіңде,


Ғашық қылып мендей сені еліктірсін.


 


Тау кербезі еркін өскен елікпісің,


Сені ойласам түгесілер еріп күшім.


Бұл тағдырдың салғанына көнеміз де,


Міндетті емес ешкімге де, еріктісің.


 


Еркін Оралбайұлы. 12.05.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу