Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
112
ДІНДІ ТАНЫП
Өмірдің адастырған уағы тынды,
Жүректе иман нұры ағытылды.
Сәбидей жаңа туған күй кешкенмін,
Бұрғалы құбылаға бағытымды.
Иманым түзелгенді хақты танып,
Жан дүние мейірімге жатты қанып.
Періште деді ме екен қуанышпен?
Ақ жолын бір мұсылман тапты анық.
Түсініп Құран-Кәрім мəнін ұғып,
Жүрек иіп, сәждеге тəнін жығып.
Рухани азғындаппыз иман болмай,
Жемістей ақжем болған дəмін сығып.
Имансыз кетеді екен ақыл текке,
Өмірді дегенді ұқтым ақым етпе.
Салынар таразыға сауап - күнəң,
Дәптерің қаралғанда ақыретте.
Бас иіп, сəжде жасап бір Аллаға,
Күпірлік түспесін деп, кір араға.
Танысып, хадистермен өрем өсіп,
Ойымды салғандаймын бір арнаға.
Еркін Оралбайұлы 21.06.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇