Өлеңдер ✍️
О, ЖАРАТҚАН!
О, Жаратқан!
Құтқаршы бұл дертімнен,
Шаттығыма жетейінші еркіммен.
Сынақ бердің, уайымыңды үдетіп,
Қуат берші, танбайыншы сертімнен.
О, Жаратқан!
Бар жақсыны таңдашы,
Сәттілікті маған сыйлап, арнашы!
Мен де оянып, тіктейінші бойымды,
Жылу берер шуағыңды жалғашы…!
О, Жаратқан!
Мен де бақыт табайын,
Жарқыраған жұлдызың боп жанайын!
Қиындықты мына менен алып кет,
Көңілімді мен де демдеп алайын…!
О, Жаратқан!
Бітсінші бұл сынағың,
Сен қолдасаң аяғыма тұрамын.
Қайрат берші мына маған қажымас,
Лайланбасын қанып ішер бұлағым…!
О, Жаратқан!
Бұл құлыңды қолдашы,
Жамандықтан, арамдықтан қорғашы.
Туралықтан айырмашы, Жаратқан,
Адалдықты, шыншылдықты жолдашы…!
О, Жаратқан!
Тілегімді қабыл ет,
Қиындықты мына менен алып өт!
Сен ұлықсың, О, Жаратқан, Аллаһым,
Әр күнімді қуанышты, жарық ет…!
3.01.2025
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇