Өлеңдер ✍️
«ДЕНСАУЛЫҚ» ОЛ — «ЗОР БАЙЛЫҚ»
«Денсаулық» ол — «зор байлық» бақытымыз,
Ден сау болса қызықты уақытымыз.
«Дені саудың жаны сау» — дейді Қазақ,
Ден сау болып артсын көп бақытыңыз!
«Денсаулық» ол — «зор байлық» өмір ғажап,
Қайғы-мұңнан, уайымнан көңіл азат.
Ауырса егер мазалап тісің сыздап,
Көрінеді бұл өмір толған азап…
«Денсаулық» ол — «зор байлық» шуақты күн,
Өн бойыңды жайнатар қуатты үн.
«Демі бардың емі бар» — дегендейін,
Ем алайық ауырсақ тұрақты бір…
«Денсаулық» ол — «зор байлық» түсінеміз,
Қатты ауырсақ жанды жеп күрсінеміз.
Көңіліміз жайланар тыныш болып,
Ізет етсек үлкенге, кішіге біз.
«Денсаулық» ол — «зор байлық» күлімдейік,
Нұрын шашып тұратын күнің биік.
«Тамағыңды тый» — дейді, «іш ауырса»,
«Ауру астан» келер деп, — түйіндейік…
Байлық — байлық емес бұл, саулық — байлық,
Денсаулықты күтейік, жанға жай қып.
Сергек күйде жүрейік, кітап оқып,
Шымыр болып, рухани жанды бай қып…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇