Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  707


Автор: Жібек Ысқақова

БАУЫРЛАРЫМ, ЖАНДАРЫМ!

Ағам, інім
Бауырларым, жандарым,
Қуанышта сәтті атсын таңдарың!
Бірің ағам, бірің қолдар інімсің,
Бар жақсыны өздеріңе арнадым!
Сендерменен әрбір күнім шырайлы,
Бақытты боп, шаттанғаның ұнайды.
Бауырларым, аман жүрші, жандарым,
Амандығың бақытымды құрайды.
Бірің күнсің жылытатын жанымды,
Бірің нұрсың жандандырар бағымды.
Қос қанатым сендерсіңдер, жандарым,
Күй сыйлайтын көңіліме жағымды.
Асқар тауым ағам менің асылым,
Алаң болып жүрер маған, жасырын.
Жанашырым жаным інім, білемін,
Сыйлар маған өмірде бар асылын!
Күйім осы көңіліңді тербеген,
Жырымменен өздеріңе дем берем.
Ағам, інім бауырларым сендердей,
Асыл жандар бұл өмірде кемде кем…
Қыз жүрегі жыр жазады осылай,
Ақ тілектің барлығына қосыла-ай.
Аман болсын бала-шағаң, отбасың,
Таусылмайтын бақыт орнап басыңа-ай!
7.05.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу