Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  179


Автор: Жібек Ысқақова

ҚОС ҚУАНЫШ БҮГІНГІ ЕСТЕ ҚАЛАР

Қуаныш бар, қобалжу, шаттану бар,
Туған күнім, жаңа күнге бапталу бар.
Жаңа жасты қарсы алу, жаңа кітап,
Тұсаукесер күні бұл, атқару бар.
Қос қуаныш еніп тұр есігімнен,
Жаңа жасым «мүшел жас» есімімен.
Дала суық болғанмен жүректе от,
Туылған күн Жаратқан шешімімен.
Лүпілдейді жүрегім дүрсіл қағып,
Жаңа жасым үміттің отын жағып.
Тұсаукесер өтсінші керемет боп,
Жаратушы иеміз сәтін салып.
Көпшілікпен өтетін іс-шара бұл,
Сыйластықтан шынайы күш ала бұл.
Келіңіздер күтемін, жақсыларым,
Тұсаукесер кешіне жинала бір.
Жиырма төрті желтоқсан, сағат он бір,
Тұсаукесер өтетін алда жол тұр.
Кітапхана, Фарабтың АКТ залы,
Түркістанның төрінде қатады сыр.
Өткен күнім тарих ол — бір әлемім,
Жаңа күнім жайнаған бұл әдемім.
Тәубе етіп, сиынып бір Аллаға,
Әр күніме «шүкірлік» деп келемін.
Амандықта болайық әрбіріміз,
Қуанышпен тербелеп әр күніміз.
Ниетіміз оң болсын Алла жар боп,
Еселеніп күн сайын шаттығымыз.
24.12.2023 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу