Эсселер ✍️

  01.01.2025
  251


Автор: Теміртау қаласы

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

Қарағанды облысына қарайтын Теміртау қаласы 1905 жылдары Нұра өзенінің сол жағалауына Самарадан жіберілген крестьяндардың қоныс тебуінен басталады. 40 шақты үйден құрылған ауыл басында Жауыр деп аталып, кейін Самарқанд деген атау алады. Ал Теміртау аталуының себебі, 1943 жылы бұл аймаққа Қазақ металлургиялық зауыты салына бастайды. Осы металлургиялық зауыттың салынуынан бастау алған Теміртау қаласы бұл күндері ТМД елдеріне танымал, зауыттарынан шығатын заттарын экспортымен ерекшеленеді. 60 елге экспорт жасалынатын бұл Теміртау қаласының құрамына 6822 адам тұратын қалалық типтегі Ақтау кенті кіреді. Кенттің аумағында құрылыс материалдарын шығаратын үш кәсіпорын: «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Қарцемент»ЖШС-і және «КЗАЦИ» ЖШС-і орналасқан.
Өзінің экономикалық ерекшелігі жағынан Теміртау қаласы инфрақұрылымы дамыған ірі индустриалдық орталық болып табылады. Қалада 1500 кәсіпорын жұмыс жасайды.
1970 жылы қаланың "символдық белгісі" жасалды. "Қалқан тігінен 2 бөлікке бөлінген, оң жақ жартысы көк, сол жағы қызыл. Онда қаланы ашушылардың символы болып табылатын қайық және заманауи қаланың металлургия өнеркәсібін бейнелейтін балқытылған металл шелек бейнеленген.
Самарқанд кенті болып құрылған Теміртау қаласы қазіргі таңда түрлі өнеркәсіптерімен елге танымал, тіпті ТМД елдеріне танымал қала. Еліміздің орталығында орналасқан. Нұра өзенінің бойындағы қала Қарағанды облысына жататын, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров шыққан қала осы Теміртау қаласы болып табылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу