Шығармалар ✍️
Теміртауым бұл менің
Теміртауым бұл менің, Нұра өзенінің бойында орналасқан, бұрынғы Самарқанд кентінің базасында құрылған. Теміртау қаласының бұрынғы атауы осы Самарқанд кентімен байланысты. Қала мен оның өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.
Теміртау қаласы Қарағанды облысына қарайтын қала. Еліміздің орталығында орналасқан қала.
Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін аяқталды.
1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді. Соғыстың қиын жылдарында, КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық завод салу туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия заводы жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарына қосылды.
Міне, осындай мәліметтерге ие болған Теміртау қаласы еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі болып табылады.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен Самарқанд кенті Қарағанды қаласының қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау қаласы болып қайта құрылды.
Ия, осындай тарих жолы бар Теміртау қаласы қазіргі таңда қанатын кеңге жайып, даму үстіндегі қала. Тұңғыш президентіміз металлург болып жұмыс жасаған Теміртау қаласы әрқашанда елімізді алға бастайтын қалалардың бірі болып тұтатыны сөзісіз. Ия, бұл менің Теміртауым, Теміртау қаласымен мақтанамыз, қаламен бірге өсіп, қаламен бірге көркейе береміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇