25.11.2024
  1693


Автор: Қазақ әдебиеті

Қоғалы көлдер, қом сулар

«Тақырыбы: «Қоғалы көлдер, қом сулар»


«Идеясы, түйіні: Ерлікті, батырлықты дәріптеу.


«Тармақ, бунақ, буын саны: 14 тармақ, 2 бунақ, 8 буын «Ұйқас түрі: кезекті ұйқас


«Әдеби теориялық ұғымдар: Аллитерация, инверсия, эпифора: «Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес...


Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес... Торы төбел ат мініп, Той тойлаған өкінбес.»


Эпитет: қоғалы көлдер, қом сулар, торы төбел ат, «құрама шапшақ көп қымыз»- күрделі эпитет


Теңеу: «Арыстандай екі бұтын алшайтып», «кілең бұздай», «қардай боратқан», «оқ қылқан-дай», «қан жусандай», «аққан судай»


«Екі арыстан жау шапса» - символ «Оқ қылқандай шаншылса,


Қан жусандай егілсе,


Аққан судай төгілсе, - теңеулі эпитет Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес!» - Гипербола


«Түсінік: Қоғалы көлдер, қом суларды мақтай айтып, батырлық туралы да айтып өтеді.


 


 


 


«Тақырыбы: «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


«Идеясы, түйіні: Туған жерін амалсыздан тастап бара жатқанын жыр етеді.


 


«Тармақ, бунақ, буын саны: 7 тармақ, 2-3 бунақ, 8 буын «Ұйқас түрі: шалыс ұйқас


«Әдеби теориялық ұғымдар: Ассонанс, метафора: «Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым!» «Таудағы тарлан бөрі едім» Дамыту(градация):


«Ақ балтырын түрініп, - эпитет Басарына ерініп,


Көкірегі күйініп, Тек тірлікке сүйініп, Ықтиярсыз жүгіріп,


Аузы түкті кәпірдің - перифраз Етпегей еді жұмысын!» Метонимия: «Талақ» - қоштасу Метафора, эпитет:


«Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны, Бұғының ауыр қара мүйізі, Бидайықтың жалғыз соғары, Қашағанның ұзын құрығы,


Ақ орданың тіреу сырығы, Айдаса - қойдың көсемі, Сөйлесе - тілдің шешені,


Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген, Күз жіберіп, жаз мінген,


Жазаласа - екі жылда бір мінген, Жолдасын жолай іздеген,


Өзіне тиген дұшпанын


Қарт бурадай тіздеген - теңеу Мен - Қарғабойлы Қазтуған, Қайғыланып асып барамын Ноғайлы-қазақ елімнен!»


«Түсінік: Өзінің туған жерінен қайғыланып асып бара жатқаны көрініс табады. «Жер-су аттары: Еділ, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу