Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер ✍️
18.11.2024
595
Ішімдікпен өмір болар далбаса,
Өмір жалған, күйбең тірлік жалғаса.
Бірде шаттық, бірде мұңмен дос болып,
Өмір сүріп келеміз-ау, жармаса...
***
Ішімдіксіз өмір болар тамаша!
Қуанарсың риясыз пәк, балаша!
Таң ертемен көзді тырнап ашарсың,
Күнмен бірге алға басып, таласа...
***
Өзгертеді өміріңді ішімдік,
Өнбей тағы жұмысың мен ісің түк!
Өз өмірің сенің ғана қолыңда,
Болсын десең жасар әрбір ісім нық!
***
Жарық өмір, қайран көңіл нәп-нәзік,
Шамшырағым тұрғандайын сәт жазып.
Мен отырмын өз-өзіммен ойлана,
Ертеңіме құшақ-құшақ хат жазып...
***
Ішімдіксіз болады — өмір ғажап,
Мас өмірден болады көңіл азат...
***
Ішімдіктің жолы апарар түнекке,
Салмақ салып соғып тұрған жүрекке.
Ішімдіксіз ашық біздің жолымыз,
Алыс кетер, бізден қашып түнек те...!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇