Эсселер ✍️
Кентау қаласы
Кентау қаласы — Түркістан облысындағы Түркістан қаласынан солтүстіктен шығысына қарай 30 км-дей жерде Қаратаудың етегінде орналасқан, кезінде дүркіреп тұрған қалалардың бірі.
Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие болған біздің сүйікті қаламыз. Қалада Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар.
1955 жылы құрылған Кентау қаласының бұрынғы атауы Мырғалымсай. Кентау қаласын да көпұлтты қала дей аламыз. Ұлтаралық қатынастары өте жақсы, ынтымақ-бірліктері жоғары. Басқа ұлттарға қарағанда қазақ ұлты көп, содан кейін өз кезегімен өзбектер, орыстар, татарлар, әжірбайжан сияқты ұлттар мен тағы да басқа ұлт өкілдері де кездеседі.
Ал халық санына назар аударар болсақ, 2023 жылдың халық санағына сәйкес Кентау қаласында 74464 адам бар. «Қаратау Тәжі» атанған Кентау қаласымен қалайша мақтана алмаймыз. Өзіндік маңыздылығын жоғалтпай, еліміздегі қалалардың ішінде алдыңғы қатарда тұрып, өз биіктігін көрсетіп жүрген, қала тұрғындарының жәй-күйіне қанық болған Кентау қаласы өсіп, өркендеп, қанат жаюда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇