Әңгімелер ✍️
“БIЗ ТҮКIРУГЕ КЕЛДIК...“
Олар он сияқты. Ұзынды-қысқалы болып қазақ дәстүрi, қазақ салты дегенде, дәмелерi қозып кетедi.
Бiр күнi Мыжбан бастаған “Көп түкiрсе— көл, түкiрмесе— нөл“ аты қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерi, жуырда ғана зейнеткерлiкке шыққан экс-министрдiң үйiне келдi. Есiктiң қоңырауын Мыжбан басты. Көп кешiкпей күрк-күрк жөтелiп, министр көрiндi.
— Сiздерге кiм керек?-дедi ол.
— бiзге сiз керексiз,- дедi Мыжбан. — Үйге кiрiңiздер. Жайшылық па?
— Бiз асығыспыз. Жәй бетiңiзге түкiрiп кетейiк деп едiк. — Не үшiн?-деп таң қалды экс-министр.
— Министр болып тұрғаныңызда ұйымдасқан жемқорлықтың басында жүргенiңiз үшiн Паламент Мәжiлiсiнде, салт-дәстүрiмiз бен тiлiмiзге күлгенiңiз үшiн, портфельдi босқа ұстағаныңыз үшiн, Астанада жүрiп, Аристотельге ұқсағаныңыз үшiн, бiз сiздiң бетiңiзге түкiруге келдiк. Бетсiздердiң бетiне түкiру ежелгi қазақ дәстүрi. Рұқсат етiңiз.
Экс-министрдiң бетi қызарып, құлағы ұзарып кеттi.
— Түкiру үшiн ғана келдiңiздер ме?-деп сұрады сосын. — Иә. Қай бетiңiзге түкiрейiк?-дедi Мыжбан.
— Сендер кiмсiңдер өзi? — Бiз бе? Бiз— халықпыз.
— Мен халықты алдаған жоқпын.
— Неге? “Қарық қыламын!“ деп өтiрiктi соқтың? Тфу!
— Болды, болды, бiреуiң ғана “общий“ түкiре салыңыздаршы! — Көп түкiрсе, көл дегендей...
— Немене, сонша... Айдалада шөлдегендей... — Аға, тфу, сiзде бет жоқ екен!
— Бетiм жоқ болса, бетiңнен кесiп берейiн деп пе едiң? Жоғалыңдар!-деген экс-министр қатты ашуланып, есiгiн тарс еткiзiп жауып алды.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы болып, қазақ дәстүрi, қазақ салты дегенде, делебелерi қозып кетедi. Сосын олар облыстық полиция бастығына келдi. Кезекшi кiргiзер емес.
— Қандай шаруа?-деп сұрады ол.
— Түкiремiз де шығамыз,-дедi Мыжбан. — Кiмге?
— Бастығыңның бетiне. — Да вы что?
— Солай. Хабарлас. Бiздi қабылдасын. Түкiремiз де шығамыз.
Кезекшi бас полицеймен хабарласты да, “кiрiңiздер!“ дедi. Бiрақ, әлi таңданып отыр.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы болып бас полицейдiң кабинетiне кiрдi. — Бiз түкiруге келдiк,- дедi Мыжбан,— бетiңiздi ыңғайлай берiңiз.
— Менде бет жоқ,-дедi ол күрсiнiп,— қарамағымдағылар парақор, лауазымды қызметке алсам, “шляпа“ бередi, “алмаймын“ десем, өкпелейдi. Жазықсыз қамаймыз кейде. Осы жаңа ғана “Сенде осы иман бар ма?“ деп облыс имамы түкiрiп кетiп едi. Кеше облыс әкiмi түкiрiп кеткен. Ендi министрiмiз түкiргелi жүр екен. Сендер де келдiңдер, түкiретiн жерiм де қалмады, өзi...
— Ренжiмеңiз, “көп түкiрсе— көл“ деген бар, тфу бетiн құрысын!,-деп Мыжбан бастап, өзгелерi қостап түкiрiп шықты.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы. Қазақ дәстүрi “түкiрудi“ насихаттап жүр. Немене, бетiңiз жыбырлай қалды? Әлде, сiздiң бетiңiзге де түкрiп кетсiн бе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter