Поэмалар ✍️
Алдар мен шайтан
(поэма)
Жайылатын төрт түлiк
Көл шетiнде саздақ көп.
Осы жерде
Доп қуып,
Ойнаймыз бiз жақ-жақ боп.
Өшкен кезде өкпемiз,
Допты былай тастаймыз.
Отыра қап көкке бiз,
Бiр әңгiме бастаймыз
.
Әңгiмеден зерiксек,
Жұмбақ айтып,
Шешемiз.
Кетпесе ол өрiстеп,
Ертегiге көшемiз.
Ертегi айту кезегi
Тидi бүгiн маған да.
Қадалды көп көз ендi
,
Өзгелерден қалам ба?!
Көптiң бағып қабағын
,
Қаладым да күлгенiн,
Айтып бердiм
Алдардың
Қалай шайтан мiнгенiн...
«Алдар бiрде
Жол жүрiп,
Бiр төбеге жетiптi.
Жата кетсе болдырып,
Көзi iлiнiп кетiптi.
Жатып-жатып
Бiр кезде
Көзiн ашса,
Төскейде
Көлеңдептi түрi өзге
Қос аяқты қос бейне.
Әзәзiлдер екенiн
Алдар бiрден ұғыпты.
Алдайын деп екеуiн,
Көзiн қайта жұмыпты.
Екi шайтан жақын кеп,
Үңiлiптi түрiне.
«Не ғып жатқан батыр» деп,
Қарапты бiр-бiрiне.
– Әлде өлiп жатыр ма,
Жатыр ма әлде ұйықтап.
Би көрсетiп пақырға,
Байқайық бiр иықтап.
Жатқанына өкiнсiн,
Алқымдап бiр алайық.
Шыдай алмай өкiрсiн,
Қызығына қанайық, –
Десiп, түртiп, қытықтап,
Бiрi сылқ-сылқ күлiптi.
Бiрi саннан мытып қап,
Салыпты әбден бүлiктi.
Шығып алып үстiне,
Секiрiп те көрiптi.
Дауа бар ма күштiге,
Бәрiне Алдар көнiптi
.
Сосын тұрып егдесi:
– Түлен, – дептi, – кел берi, –
Қозғалмайды кеудесi,
Рас екен өлгенi.
Адамдарды сүрiнтiп,
Қаскөйлiктен зерiктiк.
Осы өлiктi тiрiлтiп,
Алайық та серiк қып.
– Сiзге қайран қаламын,
Ақылдысыз, аға, сiз
!
Тiрiлтудiң амалын Бiрақ қайдан табасыз
?
– Бетiне құр үңiлмей,
Қазы, қымыз берелiк.
Шыдап бақсын тiрiлмей,
Қытықтап бiр көрелiк...
Көршi ауылдан ол үшiн
Қазы, қымыз тауып кел.
Кесе, табақ, шөмiшiн
,
Тоқашын да алып кел.
Оралыпты жылдам-ақ,
Шайтан – құйын, дау бар ма
?
Нән қазыдан жұлмалап
,
Жақындапты Алдарға.
Жатыр екен ашығып,
Тақалғанда азығы,
Алдар
Аузы ашылып,
Қағып апты қазыны.
Әйткенмен тез тiрiлiп,
Кетпейiн деп ойлапты
.
Iшсе де аздан сiмiрiп,
Қымызды да қоймапты.
Қарнын әбден тойдырып,
Көзiн бiр-ақ ашыпты.
Көз жасын ол көл қылып,
Бiр қулыққа басыпты.
– Бiлсе, таңдай қағар ел,
Қандай азап шекпедiм
.
Бұл өмiрде барар жер,
Басар тауым жоқ менiң.
Шаттық кернеп кеудемдi,
Тыныш өлiп жатыр ем.
116 117
Бойым балқып, мен енді
Рақатқа батып ем.
Неге ғана, малғұндар
,
Тiрiлттiңдер менi арбап
?
Обалыма қалдыңдар,
Ендi күнiм не болмақ
?
Күн жоқ мендей пендеге,
Көрiне алман елiме.
Өздерiңнiң бейнеңе
Енгiзiңдер менi де.
Қоятұғын ырымға
Осы жалғыз талабым.
Көнбесеңдер мұныма,
Ойран-асыр саламын
!
Екi шайтан шошыпты,
Екеу ара керiсiп:
– Ырза етейiк осы иттi, –
Дептi ақыры келiсiп.
Үлкен шайтан
Ұртына
Тиын әкеп салғанда,
Сағымданып түр, тұлға,
Ғайып бопты Алдар да.
Сөйтiп, үшеу жолменен
Әрi жүрiп кетiптi.
Жарысыпты желменен,
Талай белден өтiптi.
Жүре-жүре әл құрып,
Әбден шаршап-шалдығып,
Үлкен шайтан алқынып
,
Былай дептi қарлығып
:
– Құр шаршаған бола ма,
Жарамайды мұнымыз.
Арқалайық одан да
Бiрiмiздi бiрiмiз.
– Шайтан болдым мен кеше, –
Дептi Алдар, – бағым бар.
Жаспын әлi,
Ендеше,
Менi арқалап алыңдар
.
– Өзi айтпаса, бiлер ме ек,
Шынында, Алдар бақытты, ә
?
Болсын
! – дептi Түлен, –
Тек
Келiсейiк уақытқа.
– Қажетi бар қаншалық
Бұған уақыт санаудың
?
Отырайын ән салып,
Ән бiткен соң,
Маған мiн.
Екеуiңнен
Бар менiң
Осы жалғыз тiлерiм.
Таусылғанша әндерiң,
Мен де арқалап жүрермiн.
Жосықсыз бас тарта ма,
Екi шайтан құп алды.
Алдар қонып арқаға,
Бастап кеттi бiр әндi.
Алды-артына қарамай,
Ызыңдаған арадай,
Алдар әнге салады-ай
:
«Әләлай да, әләлай!»
«Әләлай да, әләлай,
Әләлай да, әләлай.
Әләлай да, әләлай,
Әләлай да, әләлай!...»
Әнi бiтер болмады,
Қарлықпайтын тамағы-ай
!
Айтқан әнi сондағы:
Жалғыз ғана «Әләлай!»
Жүре-жүре әл құрып,
Әбден шаршап-шалдығып
,
Түлен шайтан алқынып
,
Былай дептi қарлығып:
– Қолтығымды қытықтап
,
Аяқтарың түртедi.
Өлер болдым титықтап
,
Әнiң қашан бiтедi
?
– Аяғымды тартамын,
Ендi аяғым түртпейдi
.
Жайлысын-ай арқаңның,
Әнiм әзiр бiтпейдi.
Ал қытығың басылса,
Шапқылай бер, жануар
!
«Әләлайым» таусылса,
«Әләулайым» тағы бар.
«Әләулай да әләулай,
Әләулай да әләулай.
Әләулай да әләулай,
Әләулай да әләулай!..»
Iшiн басып қалды әркiм,
Iшектерi түйiлдi.
Барлығы да Алдардың
Айласына сүйiндi...
Отыр едi жұтынып,
Тұранға сөз берiлдi.
Тұран алғаш тұтығып,
Iле-шала төгiлдi.
Сөз саптасы ұнады,
Шешен екен Тұраның.
Осы сәтте бiр әндi
Шалып қалды құлағым.
«Талайлардың жүрегiн
Ұшырып мен қатырдым.
Күш кернеген бiлегiн
Батырымын батырдың.
Аха-ха-ха-хау,
Ехе-хе-хе-хеу,
Батырымын батырдың.
Саусақтарым – қорғасын,
Саусағымның ұшымен
Нұқып, кiмдi болмасын
Нокаутқа түсiрем.
Аха-ха-ха-хау,
Ехе-хе-хе-хеу,
Нокаутқа түсiрем.
Бала бар ма ғаламда
Маған күшi тең келер
?
Табанымды жалауға
Бәрi асығып, дөңгелер.
Аха-ха-ха-хау,
Ехе-хе-хе-хеу,
Бәрi асығып, дөңгелер».
Iзiнше қыр басынан
Ән иесi көрiндi.
Ағаш мылтық асынған
Бала екен көңiлдi.
Жүре алмайды дұрыстап,
Талтаң-талтаң басады
.
Еспе құмнан уыстап,
Көкке бұрқ-бұрқ шашады.
Ойладым:
«Бұл бекерге
Бөскен қандай адам
?» – деп.
Байқап қапты Шекер де,
Сыбыр еттi:
– Қабан
! – деп.
Қарай қалды қыр жаққа,
Үрейленiп бар бала.
Сұрақ қойып Қыпшаққа
,
Мойын бұрдым таңдана
!
– Қабан дей ме, не дедi
?
Аты шыннан Қабан ба
?
Оны ешкiм,
Себебi,
Санамайды адамға.
Бала бiткен үркедi,
Мiнезi оның жаман деп.
Сондықтан да жұрт оны
Атап кеткен «қабан» деп.
Әйтпесе бұл –
Ашқарақ
Төлен деген жексұрын
.
Көрiнгенге тас қадап
,
Құтырады кешқұрым.
Бұзықтыққа арнайды Бойындағы бар күшiн.
Бiр күн алғыс алмайды,
Алады елдiң қарғысын
.
Шулап жатсын ел мейлi,
Былқ етпейдi сонда да.
Оған әлi келмейдi
Жабылса да он бала.
– Қарасаң-ақ ұрады,
Есуас қой о жынды, –
Тұранға жай
Нұралы:
– Үзбе, – дедi сөзiңдi
.
– Мен де ертекке құмармын, –
Деп, елiкше елеңдеп,
Төбесiнен Тұранның
Төне қалды Төлен кеп
.
– Қызық екен ертегiң, –
Деп, ырсиды ол ендi.
Жұлып алып телпегiн,
Теуiп ала жөнелдi.
Болмағандай ештеңе,
Ешкiм ләм-мим демедi
.
Батыр болса өсте ме,
Неге сөздi бөледi?!
– Мұның қалай, әй, Төлен,
Тепкiң келсе, допты алғын.
Өзiң болсаң, қайтер ең,
Есуас па ең? – деп қалдым.
Шалып қапты құлағы,
Жетiп келдi ол тепсiнiп.
– Қарай гөр, ей, мынаны
!
Тебейiн бе мес қылып?!
Шертiп қалып басымнан,
Жұдырығын иiскеттi.
– Рас, миың ашыған,
Бiрақ басың пiспептi
.
Ендi ә десең, мұрныңды
Жiберемiн бет қылып!.. –
Сосын әрi бұрылды
Көздерiнде кек тұнып
.
Төбелеске жаттыққан
Әумесер ме, кiм бiлсiн.
«Қорлық жоқ қой сақтықтан».
Төбелесi құрысын.
Жұртқа мазақ боп текке,
Нем бар тұрып көлденең.
Күрескенмен мектепте
,
Төбелесiп көрмеп ем.
Екi ортада таяқ жеп,
Масқара боп қалармын
.
Сәл сөйлесем, сабар деп,
Көзбен ғана алардым.
Содан кейiн:
– Әй, Төлен, –
Дедiм көшiп айлаға.
Төбелессем, қайтер ең?..
Менi осал деп ойлама
!
Секцияда мектепте
Қатысқанмын күреске –
Уақыт өткен жоқ текке,
Сақтағайсың мұны есте.
Бiлесiң бе,
Спорттың
Заңының бiр нашары:
Тиiссе де күштеп кiм
,
Спортшылар қашады.
Ойлайды да ертеңiн,
Болмау үшiн пәлелi,
Өзi спортшы екенiн
Ескертедi әуелi.
Ескертпесе,
Алдаса,
Болады ғой кiнәлi.
Қарсыласы қалмаса,
Амалсыздан шығады.
Содан кейiн
Сотқарды
Қанша соқсын,
Ол мейлi,
Айып емес соққаны,
Кейiн жауап бермейдi
.
Сондықтан да
Көгалда
Бос арамтер болмайық
.
Екеуiмiз онан да
«Алдар – шайтан» ойнайық.
– Ондай ойын бар ма едi,
Қандай ойын ол ойын?!
Түсiндiршi әуелi,
Ұнаса, ойнап көрейiн
.
– Сайысамыз сұрақпен,
Сайысамыз өнермен.
Айтысамыз жұмбақпен,
Айтысамыз өлеңмен.
Жарысамыз секiрiп,
Жарысамыз ой ойлап.
Жарысамыз
Отырып
Шахмат не дойбы ойнап.
Жарысуға болады
Көл бетiнде жүзiп те
.
– Мен озайын,
Сондағы
Айтарлықтай қызық не
?
– Жеңе алмасам,
Сенi мен
Арқалаймын он адым.
Сәттерiңде жеңiлген,
Мен арқаңа қонамын.
Арқалаймын дегенде,
Елеңдедi құлағы.
Байқап тұрмын,
Төленге
Бұл ойыным ұнады.
Тос дегендей жоныңды
,
Күлiмсiрей қарайды.
– Жалғыз шартым:
Ойынды
Мен бастаймын.
– Жарайды.
Уәдемiзден жаңылып,
Бiз қайсымыз қырласақ,
Бүкiл бала жабылып,
Төмпештесiн тұра сап
.
Басын шұлғып Төленiм
,
Бастап кеттi жұмбағын.
Әрбiр сөзiн мен оның
Қалт жiбермей тыңдадым.
«Пеш үстiнде құмғаны»,
«Ақ сандығы – күнi де» –
Оның барлық жұмбағы
Жазулы «Ана тiлiнде».
Кiтапқа Асқар зәру ме,
Оқымайтын надан ба
?
Айтқанының бәрiн де
Шешiп бердiм табанда
.
Тiстелеп ол ерiнiн, Қабақ шытып, түнердi.
Түгесiлiп Төленiм,
Кезек маған тiрелдi.
Жұмбақты өзiм шығардым,
Шебермiн ғой өлеңге.
Менiң әрбiр жұмбағым
Қиын тидi Төленге.
Шешiлмесе бiр жұмбақ
,
Үстiне оның қонамын.
Амалсыздан
Ыржыңдап,
Арқалайды он адым.
Қонысымен арқаға,
«Әләлайды» айтам кеп.
Шуылдайды бар бала:
«Мiне, Алдар мен шайтан
!» – деп.
– Шаршағаның басылса,
Жорғала бiр, жануар.
«Әләлайым» таусылса,
«Әләулайым» тағы бар.
Ыхы-ыхы, әләлай, –
Бiр-бiр есек – әр жұмбақ.
Ыхы-ыхы, әләлай, –
Деймiн оған қалжыңдап.
«Әләлайдың» не екенiн
Бала бiткен бiледi.
Тепең-тепең етемiн,
Бәрi сақ-сақ күледi.
Мiне-мiне жонына,
Ауыртып ап кеудемдi,
Аяп әрi оны да,
– Болдым, – дедiм, – мен де ендi.
Бұдан кейiн Төленiм
Тұрды да сәл ойланып
,
– Дауыл,
Мұны көрейiн,
Келшi, – дедi, – дойбы алып.
Дауыл үйге жүгiрдi,
Келдi жедел дойбы алып.
Тастар жылдам тiгiлдi,
Отыра қап ойнадық.
– Бұл ойыннан
Үш рет
Қатар жеңсе кiмде-кiм,
Сол адамның күшi көп
,
Сол болады мiнетiн.
Сорпа терге түсiрiп,
Мiнейiншi бiр рет, –
Маңдайынан бу шығып,
Қарады ол күлiмдеп.
– Мiне алмассың Асқарды,
Жеңсең, құба-құп, – дедiм.
Аппақ-аппақ тастарды
Тiге бердiм,
Күтпедiм.
Төлен әрбiр жүрiсiн
Отырды ұзақ ойланып
.
Мұндай ойын құрысын,
Екi-ақ рет ойнадық.
Болғысы кеп өнерлi,
Бос қағыпты көкiрек.
Ойнамады ол ендi,
Жеңiлген соң екi рет
.
– Күрессе егер, көрер ем
Бұл шәлтiктiң күшiн
! – деп,
Тұрды орнынан ол әрең,
Менi көзбен iшiп-жеп
.
Шәлтiк – қортық дегенi,
Төзер мұндай сөзге кiм
?
Болса да ол денелi,
Тұра ұмтылдым,
Төзбедiм.
– Сенгенiң бой, салмақ па
?
Кел, ендеше, шық
! – дедiм.
Ұстаса сап,
Шаңдаққа
Ыңқ еткiзiп бүктедiм
.
Үлгертпей дем алуға,
«Бiлiп жүрсiн ол әлiн», –
Деп мiндiм де,
Тағы да
Қақпайладым он адым...
Оқиғасы Төленнiң
Болды осылай қызықты
.
Арқасында өнердiң
Тiзгiндедiм бұзықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇