22.02.2024
  234


Автор: Бодо Шефер

Ақ Лабрадор - 1 тарау

Мен өмір бойы ит ұстағым келетін. Бірақ біз пәтер жалдаған үйдің иесі иттерді ұстауға рұқсат бермеді. Әкем онымен сөйлесіп көріп еді, бірақ ол оны көндіре алмады. Әрқашан келі-суге болмайтын адамдар бар, біздің қожайынымыз дәл осын-дай адам болып шықты. Ол үйдегі басқа тұрғындар ренжиді деп мәлімдеді. Әрине, бұл ақымақ. Мен екінші қабаттағы бір отбасын және үшінші қабаттағы басқа отбасын білем, олар ит асырауға құлшынып тұрған. Тек үй иесі иттерді ұнатпайды. Бірде әкем: «Ол өзін де жақсы көрмейді, сондықтан өзгелердің бақытты болуын қаламайды», – деді.


Әкемнің сөздері мені қожайынға зер сала қарауға мәжбүр етті. Ол тіпті әлемдегі барлық адамдарға наразы сияқты көрінді. Анам онымен сөйлескен екен, ол тіпті бізге үйден шығарамын деп қорқытқан хат жіберді.


Мен әлі күнге дейін ешкімнің басқа адамға ит ұстауға тыйым салуға құқығы жоқ екеніне сенімдімін. Әсілі, өзіңе жеке үй сатып алған дұрыс – тым құрмаса, сіз жануарларды ұстай аласыз ғой.


Біраз уақыттан кейін біз шынымен шағын бағы бар үй сатып алдық. Менің жеке бөлмем болды. Мен төбем көкке жеткендей қуандым.


Бірақта ата-анам онша бақытты көрінбеді. Сатып алу және көшу біз жоспарлағаннан әлдеқайда қымбатқа түсті. Мен ата-анамның әңгімелерінен білетінмін: бізге ақша жетіспейтін. Сондықтан мен бірнеше апта бойы ештеме сұрамауға тырыс-тым, олардың ішіндегі ең қымбаты ит алу еді.


Бір күні таңертең анам мені абыржи оятты:


– Кира, тезірек тұр, үйдің алдында бір жаралы ит жатыр. Мен төсектен атып тұрып, сыртқа жүгірдім. Рас екен, үй мен гараждың ортасындағы бұрышта бір ақ ит жатыр. Ол секем ала, бірақ қатты ұйықтап жатыр.


Жотасында, жауырынының астына таман алты сантиметр-дей қанды жарасы бар. Байқауымша, оны басқа бір ит талап тастаса керек, осы жерге сүйретіліп, әзер жетіп, әбден әлсіреп ұйықтап кеткен сияқты. Жүрегім дір ете түсті. «Осындай әдемі итті қандай оңбаған талады екен?» деп ойладым. Осы сәтте ит оянып, көзін ашып маған қарады да, мен жаққа бірер қадам жасады. Бірақ ол қатты дірілдеп тұрды, тым әлсіз еді. Табандары тайғанақ тастардан тайғанап, шатқаяқтай, етпетінен құлап түсті. Мен оны бірден жақсы көріп кеттім.


Біз итті машинаға абайлап салып, ветеринарға апардық. Жарасы тігіліп, ине салынып, қажетті ем жасалды. Ит қайтадан ұйықтап кетті.


Дәрігер бізге оны шынымен ит талағанын, бірақ жара тез жазылатынын түсіндірді. Ол, сондай-ақ, бұл иттің Лабрадор екенін, бұндай иттер ерекше мейірімді және ақылды әрі бала-ларды өте жақсы көретінін айтты. Мінездеріне қарай лабрадор-лар зағиптар үшін ең жақсы көмекші болады. Дәрігерді тыңдай отырып, мен итті сипалаумен болдым. Жүні қандай жұмсақ еді! Өзі қандай сүйкімді!


Біз үйге жеткенше ол оянған жоқ. Ас үйге көрпе төсеп, итті жайлап жатқыздық. Мен оған көз айырмастан қарап отырып, сауығып кетер ме екен деп ойлаумен болдым.


Менің уайымым бекер екен. Ақ ит өте тез жазылды. Бірақ содан кейін тағы бір маңызды мәселе пайда болды: біз оның қайдан келгенін және кімге тиесілі екенін білмейміз. Біз оны өзімізде қалдыра аламыз ба? Кенеттен мені қорқыныш биледі. Егер ата-анам итті қалдырғысы келмесе ше? Өйткені, бізде онсыз да ақша жетіспейді.


Әрине, біз иттің иесін іздеуіміз керек. Алайда, мен өзімше іштей ол табылмас деп үміттендім. Папам хабарландыру беріп, жануарлар баспаналарына қоңырау шалды. Бірақ ол жақта ақ лабрадор туралы ешкім ештеме естімепті. Бірте-бірте ата-анам оны жақсы көре бастады. Ол біздің отбасымыздың мүшесіне айналды.


Уақыт өте келе, Лабрадор әбден жазылды. Бір күні мен онымен таңертең шаршағанша ойнадым, содан кейін таңғы асқа шықтым. Үстел басындағы әңгіме тағы да ақша туралы болды, сондықтан мен оны мүлдем тыңдағым келмеді. Біріншіден, мен ол туралы ештеңе түсінбеймін, екіншіден, ақша жөнінде сөйлескенде ешқайсысы бақытты кісі сияқты көрінбейді.


Реті келген бір тұста мен одан гөрі маңызды сұрақпен әңгімеге араластым. Мен айттым:


– Ал енді сонымен біздің иттің аты қалай болды?


Осыған дейін бәріміз де иттің атын білмейтінімізді ойла-маппыз. Меніңше, бұл жақсы емес. Иттің аты болу керек қой. Менен үш-ақ метр қашықта көрпе үстінде ұйықтап жатқан ақ «шүйкеге» қадала қарадым. Алайда, менің ойыма лайықты ат түспеді. Мен ойға шомып кеткем.


Осы уақытта әке-шешем ақша туралы әңгімені қайта баста-ды. Кенет әкем қатты күрсініп:


– Мани, мани, мани: ақшадан басқа айтарымыз жоқ! Лабрадор оқыс оянып, әкемнің қасына жетіп барды.


– Мани! – деп айқайладым мен. – Ол «Мани» дегенге елең-деп қалды!


Ит дереу маған қарай жүгірді.


– Ол Мани деп аталуы керек, бұл атты ол өзі таңдады», – деп жалғастырдым мен. Бұл мамама онша ұнамай қалды:


– «Мани» ағылшын тілінде ақша дегенді білдіреді. Итті олай атауға болмайды ғой.


Ал әкем оны, керісінше, тіпті қызық көрді:


– Бұл жаман емес. Біз: «Ақша!» – деп шақырамыз, ал ақша бізге қарай тұра жүгіреді. Біздің барлық қиындығымыз сонымен бітеді.


Әкем бұның шындыққа ұласарын, әрине, елестете алған жоқ... Осылайша Лабрадор «Мани» деген атқа ие болды.


Бір жарым ай өтті, ал біз Манидің қайдан келгенін әлі білмейтінбіз. Ия, мен мұны білгім де келмеді. Өйткені, егер біз оның иесін тапсақ, онда Маниді қайтаруға тура келуі мүмкін ғой. Ал мен Манидің біздің үйде біржола қалғанын қалаймын. Әкем мен анам да оған үйреніп үлгерді.


Сонымен, Мани біздің үйде жүрді. Бірақ менің көңілімнен қорқыныш кетпеді: бір күні оның бұрынғы иесі есіктен кіріп келіп, Маниді менен алып кетер деп қорқам: Мани екеуіміз әбден жақсы дос болып алғанбыз.


Бұл оқиға болған кезде Мани бізде жүргеніне алты ай болған. Ол керемет сүйкімді, шыдамды және ақылды ит еді. Оның көзі мен көрген көздердің ішіндегі ең ақылды көз еді. Кейде ол тіпті адамның сөзін түсінетіндей көрінетін.


Барлық лабрадорлар жүзуді жақсы көреді. Бірақ менің ойымша, олардың ешқайсысы Мани сияқты суда сонша көп уақыт өткізбеген сияқты. Ол бір ағын суды да, көлді де жібер-ген емес. Мен оның толқындары тулаған, кең құмды жағажайы бар нағыз теңізді қалай ұнатарын көргім келді. Бірақ менің анам бұл туралы ойлаудың еш жөні жоқ екенін, әкемнің шаруасы жөнді жүрмей жатқанын айтты.


Жексенбі күндері біз қаламыз арқылы өтетін үлкен өзен-нің жағасында жиі жүретінбіз. Өзен ептеп теңізге ұқсайды. Көпірдің астынан өткенде ол ерекше буырқанып, қауіпті көрі-неді.


Сол жексенбіде Маниге не болғанын білмеймін. Таңертең ол жалғыз өзі жүгіре берді. Біз серуенге шыққанда, ол кенет-тен жоғалып кетті. Біз әбігерлене шақырып, іздей бастағанбыз, бір кезде иттің ағынмен ағып бара жатқанын көрдік. Оның суға қалай түскенін әлі күнге білмеймін – бұл жерде өзенге түсуге болмайтынын білеміз ғой. Ағыс тым күшті еді, Маниді тура көпірге қарай әкетті. Онда екі тіреудің арасына тартылған екен, біздің Мани соған барып соғылды. Толқындар оны көміп өтті. Ит тұншыққаны белгілі. Басы судан ұзақ-ұзақ көрінбей кетеді.


Маниді құтқару керек болды. Мен оның батып бара жатқа-нын көріп шыдай алмадым. Барлық сақтық шараларын ұмытып, суға секірдім. Менде ойлануға уақыт болмады. Итке көмектесу-ге асығу керек. Барлығы өте тез болды. Мен түгелдей су астын-да қалып, тіпті суды жұтып қойдым және қатты қорқып кеттім. Айналамның бәрі лас та суық су, мен оның асты қайда, үсті қайда екенін білуден қалдым. Сонан соң айналам қап-қараңғы болып кетті. Одан ары не болғанын білмеймін.


Ата-анам кейінағын мені де Мани барып соғылған сол торға ағызып әкеткенін айтты. Бақытыма орай, жақын жерде су полициясының қайығы жүр екен. Мен есімнен танардан бұрын Маниді құшақтап үлгерген шығармын. Қалай болғанда да, қайық экипажы екеумізді де судан шығарып алыпты.


Менің есімді жиғызды, ауруханада бірнеше сағат қана жатып шықтым. Рас, мен тағы бірнеше күндей өте әлсіз болдым да, төсекте жатуыма тура келді.


Мани есін тезірек жиған, менің төсегімнің қасынан кетпеді. Ол сағаттар бойы кереуетім қасында маған қарады да отырды. Оның көзінен бәрін түсінетіні көрініп тұрды.


Иттер көзімен-ақ ризашылығын керемет сездіретінін көп адам білмейді. Мани маған бірнеше сағат бойы сүйіспен-шілікпен және ризашылықпен қарады. Әрине, ол кезде мен бізді алда не күтіп тұрғанын білгем жоқ...


Мен он екі жасқа толдым. Біздің өмірімізде ештеңе өзгер-ген жоқ. Біз әлі теңізге барған жоқпыз. Менің ата-анам әлі де «өндірістің құлдырауынан» зардап шегумен болды. Бұл арқылы олар біздің ақшаға қатысты мәселемізге экономикалық жалпы жағдай кінәлі екенін білдірді.


Менің досым Мониканың ата-анасының жағдайы неге бізден гөрі жақсы деген сұрағым жауапсыз қалды, дегенмен біздің елдің жалпы экономикалық жағдайы, әрине, оларға да қатысты болды. Әкемнің жұмысы мүлдем тоқтап қалуға жақын жағдайлар жиі болатын. Біздің үйдегі көңіл-күй де жиі нашар-лап кететін. Анам анда-санда үй сатып алмағанымыз дұрыс еді деп отырады. Мен мұндай әңгімелерді уақытты ысырап ету деп санаймын, өйткені өткенді өзгерту мүмкін емес қой. Сонымен қатар, егер үй болмаса, Мани бізде қала алмас еді ғой, демек, біз оны сатып алғанымыз жақсы болған.


Бірде мені қорқытқан оқиға болды. Мен телефон арқылы сүйікті тобымның ең жаңа дискісіне тапсырыс бергім келді. Жаңа ғана теледидарда телефон нөмірі бар жарнамалар көрсетіл-ген.


Мен телефонды алып, нөмірді тере бастағам. Кенет:


– Кира, сен алдымен осы дискіні сатып ала аласың ба деп ойлауың керек! деген дауысты естідім.


Мен үрейлене, бөлмені шолып шықтым. Есіктер жабық, үйде жалғызбын. Яғни, менен басқа бөлмеде ешкім болған жоқ. Мұнда әдеттегідей Мани ғана бар. Мүмкін бұл дауыс маған әшейін естілгендей көрінген шығар... Біраз уақыттан кейін кішкене тынышталып, телефонды қайта тере бастадым. Сол сәтте әлгі дауыс қайта естілді:


– Кира, егер сен осы дискіні сатып алсаң, онда қалтаңдағы осы айға арнаған барлық ақшаңды жұмсап қоясың.


Мани басын сәл еңкейтіп, менің алдымда тұр. Дауыс соны-кі сияқты. Бірақ бұл мүмкін емес қой! Денем бір ысып, бір суынғандай болды. «Иттер сөйлей алмайды. Тіпті Мани сияқты ақылды иттер де», – деп ойладым мен.


– Бір кездері, бұдан өте көп бұрын, барлық иттер аздап сөйлеуді білетін – бірақ сендер, адамдар, сияқты емес. Бірақ олар бұл қабілетін бірте-бірте жоғалтты, – Мани менің көзіме тіке қарады. – Алайда мен әлі де сөйлей аламын.


Мен теледидардан сөйлей алатын түйені көрдім. «Бірақ бұл жай ғана кино ғой», – деп ойладым мен, – «мен қазір кинода емеспін ғой. Бәрі шындық». Содан кейін: «Мен ұйықтап жатқан шығармын, түсім шығар», – деп ойладым. Мен білегімді шымшып алдым. Ой, ауырып кетті! Демек, бұл түс емес.


Дәл осы сәтте Мани маған қараған. Оның дауысы қайта естілді:


– Енді біз тыныш сөйлесе аламыз ба, әлде сен өзіңізді шымшып, таңырқап отыра бересің бе?


Мен мұны түсіндіре алмаймын, бірақ осы сөйлеп тұрған Маниді тыңдау қалыпты, дұрыс жәйт деп ойладым. Біз неше жылдан бері бір-бірімізбен сөйлесіп келген сияқты көрінді. Мені бір ғана нәрсе таңырқатты: оның тұмсығы сөйлеген кезде қозғалмайды.


– Біз, иттер, адамдарға қарағанда қарым-қатынасты әлдеқай-да жақсы жасаймыз. Егер біз бірдеңе айтқымыз келсе, онда біз өз ойымызды басқа иттің миына тікелей жібереміз», – деді Мани. – Сондықтан мен сенің не ойлайтыныңды білемін.


Енді мен шынымен қорқып кеттім.


– Менің барлық ойларымды білем деп айтқың келе ме? – деп сұрадым да, не ойлағанымды тез есіме түсіруге тырыстым.


Бірақ Мани менің ойымды үзді:


– Әрине, мен сенің не ойлайтыныңды білемін. Егер екі тірі жан шынымен жақын болса, онда олар бір-бірінің барлық ойларын оқи алады. Сондықтан мен сенің ата-анаң ақшадан қиналып жүргеніне қатты ренжитініңді білемін. Сен де олар-дың қателіктерін қайталай бастағаныңды көріп жүрмін. Адам өз ақшасын дұрыс ұстай ала ма, жоқ па, ол балалық шағында-ақ белгілі болады. Әсілі, мен сенімен сөйлеспеуім керек еді. Егер ғалымдар менің осы ерекшелігім туралы біліп қойса, олар мені торға қамап, әртүрлі тәжірибелер жасай бастайды. Сондықтан мен осы уақытқа дейін бұл қабілетім туралы ешкімге айтқан емеспін. Бірақ сен менің өмірімді өзіңе қауіп төндіріп тұрып, құтқардың, сол үшін ешкімге көрсетпей келген сырымды саған ашайын. Алайда, бұл біздің құпиямыз болып қалуы керек. Ешкім ештеңе білмеуі керек.


Мен Маниге біраз сұрақ қойғым келген: ол өзі қайдан келді, бұрынғы иесі кім еді, өзін жарақаттаған кім... Бірақ ол менің сөзімді бөлді:


– Біз бір-бірімізбен сөйлесе алатынымыз – үлкен сәттілік. Сен мұны кейінірек жақсы түсінесің. Енді біз сұрақтарға уақыт жоғалтпауымыз керек. Мен көп тәуекелге барғым келмейді, сондықтан тек бір тақырыпта сөйлесуді ұсынамын: ақша тура-лы.


«Бірақ мені одан гөрі көбірек қызықтыратын жәйттер бар», – дедім мен ішімнен. Мамам да үнемі айтатын: ақша – өмірдегі ең басты нәрсе емес деп.


– Менің ойымша да ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе емес. Бірақ ақша үнемі жетіспейтін болса, ол өте маңызды нәрсе-ге айналады. Екеуіміз өзенге батып бара жатқанымызды еске түсірші. Біз судан шығуымыз керек болатын. Қалғанының бәрі маңызды емес еді. Қазір сенің ата-анаңда да солай. Қаржылық жағдайының нашарлығы сонша, үнемі айтатындары сол. Тура өзенге батып бара жатқандағыдай. Мен саған басқаша әрекет етуге және ешқашан мұндай жағдайға тап болмауға көмектес-кім келеді. Қаласаң, мен саған ақшаның сенің өміріңде қуаныш әкелетін күшке айналуы мүмкін екенін көрсетемін.


Мен бұл туралы ешқашан байыпты ойлаған емеспін. Әрине, мен ата-анамның көбірек ақшаға ие болғанын қалаймын. Бірақ мен иттің бұл мәселеде жақсы кеңесші бола алатынына күмә-ным бар еді.


 


 


– Сен өзің көрерсің, – деді Мани менің ойымды үзіп, сәл тәкаппарлана күлгендей болып, – ең бастысы мынада: мен саған шынымен өзің қаласаң ғана көмектесе аламын. Сондықтан сенен мұқият ойлануыңды сұраймын. Тағы бір айтарым, сендер, адамдар, оңай қателесесіңдер. Сондықтан мен саған анда-санда кейбір нәрсені жазып отыруды ұсынамын. Ертеңге дейін бай болғың келетін он себепті жаз. Ал ертең сағат төртте серуендеп орманға барайық.


Мен өзімді ақша секілді маңызды мәселемен айналысуға әлі кішкентай сияқты сезіндім. Сонымен қатар, мен ата-анамның сөзіне қарап ақша шынымен де тым жағымсыз нәрсе екенін көрдім де.


Мани, әрине, менің ойымды айтқызбай «оқып», бірден жауап берді:


– Ата-анаңның жағдайы соншалықты жаман, өйткені олар сенің жасыңда ақшамен жұмыс істеуді үйренбеген. Бір қытай-лық данышпан: «Үлкен іске кішкенесінен бастап кіріс, өйткені ұлының бәрі кішкенеден басталады», – депті. Ақшаның өз құпия-лары мен заңдары бар, мен саған соны түсіндіргім келеді. Бірақ ол сен өзің қаласаң ғана жұмыс істейді. Сондықтан сен он себепті табуың керек. Оған дейін біз енді сөйлеспейміз.


Күннің қалған бөлігін мен ойланумен өткіздім. Әрине, мен ойланатын нәрсе жеткілікті еді. Ақырында мен өзімнің жаңа-лығым туралы ешкімге айтпайын деп шештім.


Мен Манидің ғалымдардың сансыз эксперименттерінің құрбаны болғанын мүлдем қаламаймын. Оны торға құлыптап қойып, көптеген шлангтармен шандып тастағанын елестеттім. Жоқ, олай болмауға тиіс. Сондықтан мен Манидің «сөйлей» алатыны туралы біреуге айтуға хақым жоқ. Мен сондай-ақ Мани мен оның кереметі туралы көп ойланбайын деп шештім. Мен бұл ойлар ештеңеге жеткізбейтінін сезіндім.


Мен қазір ақша туралы ойлануым керек екеніне сенімді емес едім. Бірақ содан кейін мен дана Қытайдың: «Үлкен іске кішкенесінен бастап кіріс, өйткені ұлының бәрі кішкенеден басталады» деген сөзін есіме түсірдім. Бұл нені білдіреді?


Кенеттен менің басыма бір ой келді: көршімнің терьері Генри де солай болған шығар. Генри қазіргі қожайындарына бес жасында келіпті. Және ол оларға мүлдем мойынсұнбаған. Көршілер әрқашан қазір ештеңені өзгерту мүмкін емес дейді екен. Ал итті жас кезінде үйрету әлдеқайда оңай.


Менің ата-анам ақшаға байланысты Генри сияқты болған шығар. Мани не біледі. Сондықтан мен бай болғым келетін он себепті табуым керек. Бұл оңай болған жоқ. Өйткені, менің тілектерімнің көпшілігі үшін көп ақша қажет емес еді. Үш сағат-тан кейін менің тізімім дайын болды:



  1. 18 жылдамдықты қосқышы бар жол велосипеді.
  2. Мен қанша CD сатып алғым келсе, соншаны сатып ала алсам. 3. Мен көптен бері сатып алғым келіп жүрген әдемі кроссовка-

ларды сатып алар едім.



  1. Бізден екі жүз шақырым жерде тұратын ең жақсы досыммен телефон арқылы ұзақ сөйлесуге болатын болса.
  2. Жазда мектеп алмасу бағдарламасына қатысып, АҚШ-қа бара алсам. Айтпақшы, бұл маған ағылшын тілін жақсы меңгеруге көмектесер еді.
  3. Ата-анама әрдайым қиналып жүрмес үшін ақша бере алсам. Және оларға қарыздарын төлеуге көмектесуге болар еді.
  4. Менің отбасымды итальяндық мейрамханаға мерекелік түскі асқа шақырсын.
  5. Мен өзімнен гөрі нашар өмір сүретін кедей балаларға көмек-тесе алар едім.
  6. Фирмалық қара джинсы.
  7. Компьютер, ең дұрысы ноутбук.

 


Тізім дайын болғанда, мен бай болу өте жақсы екенін сезін-дім. Байлар, әрине, осының бәрін өздеріне оңай сатып алып, көптеген қызықты істермен айналыса алады. Сонымен қатар, тізімді аяқтай отырып, мен досым Моника туралы ойладым және Маниден ақша туралы білгенімді айтуға бола ма деп сұрау-ды шештім. Мен сағат төртті күттім. Өйткені, мен бай болуды үйренемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу