Әңгімелер ✍️
Үнсіздік
Үнсіздік деген адам баласының бойындағы тамаша қасиет. Солай бола тұрса да, «Үнсіздік» деген ұғымды өмірде жете түсіне алмай жататынымызда шындық. Кей біреулер үнсіздікті ең жақсы жауап деп, қолдағанның белгісі ретінде түсініп, осы асыл ұғымның ішінде әр нәрсенің шегін пайымдау сияқты тектіліктің, парасаттылықтың белгісі сабырлық таныту жатқаның аңғармайды. Соның кесірінен өмір сүру барысында адамдар бірін бірі ренжітіп те жатады. Ал махаббатта үнсіздік сақтай білу мүлдем басқаша, сезімнің ең биік шыны десек те болады. Үнсіздікті жүрекпен сезініп, ұға білгенде ғана ғажап дүние есігі ашылады. Ол жақсы көру немесе ұнату сияқты емес, мүлдем басқаша...
Үнсіздік пәк сезім, тылсым күш, құдірет! Үнсіздік сезімі жылдар өтсе де жүректе мәңгі сақталады.
Айтбек Әліпов, Астана қ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇