«Өлмеуі үшін тер төгем,айтыстай ұлы мұрамның»дей отыра ,қазақ жұртың тәнті етіп ғана қоймай,айтыс өнерінің қызғалдағына айналған «Қамар Сұлу».
«Өлмеуі үшін тер төгем,айтыстай ұлы мұрамның»дей отыра ,қазақ жұртың тәнті етіп ғана қоймай,айтыс өнерінің қызғалдағына айналған «Қамар Сұлу».
«Хабар» арнасы арқылы көрермен көзайымына айналған «AITYSTAR» бағдарламасында Еркін Нұржанов «Айым бекен ай»деп арнауын арнаған Айым Асылбекқызы бүгінгі күні аудандық,облыстық,Республикалық деңгейдегі ұйымдастырылған айтыстардың жүлделі орын игері.Күні кеше ұйымдастырылған Республикалық деңгейдегі «Арқауы сенсің,жырымның», «Кен қазған құтты мекенім», «Күміс домбыра2022» атты айтыс додаларының «Бас жүлде» иегері.Осы күнге дейін Самғар Орынбай,Әбдіжаппар Әлқожа,Еркін Нұржанов,Нұрлыбек Мейірмановтармен айтыс барысында өзінің ерекше болмысымен қырағы көзге түсіп жүрген дана қызымыз қазақ қызының нағыз бейнесі десек те артық етпес.
Үлкен бақталастық бәйгеге,яғни,айтыс саласына ең алғаш рет қай жылдры аяқ бастыңыз?
Ең алғаш рет 12 жасымда,7 сынып оқып жүрген уақытымда аудандық айтысқа шыққан болатынмын.Бұл өнер жолында менің айтыскер ретінде тұлғалық қасиетімді қалыптасуыма зор үлесін қосқан мектебіміздің директоры әрі қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болған Хамит Еспаевесімді тәлімгерім.Менің қабілеттерімді байқап онымен қосы үлкен қолдау көрсетуінің арқасында айтыс өнеріне аяқ бастым.Кейін 8 сыныпта алғаш рет Республикалық «Жыр алыбы –Жамбыл» атты оқушылар арасындағы дәстүрлі айтысқа қатысып,топ жардым.Бағымды ашқан бұл сайыстардан соң айтыстың сахнасына қосылыып,жастардың қатарының алды болдым .Студент болған кезімде алғаш рет Жүрсін ағаның айтысына шығып,солай солай додаға қосылдым.
Әлеуметтік желілерде көбісі сізді «Қамар Сұлу» Атты лақап атпен таниды.Бұл лақап аттың астарында қандай мәнмағына жатыр?
Әлеуметтік желіде мені «Қамар Сұлу» деп таниды.Ол менің инстаграм желісіндегі парақшамның атауы. Бұл біріншіден ,араб тілінең аударғанда «Қамар»деген «Ай» дегенді білдіреді және сұлу деген өзіңіз білесіз сын есім.Бұл лақап аттың астарында бірінші сол тікелей мағынасы «Қамар Сұлу» деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасы ғой. Сол халықтың арасында кенінең таралғаннан кейін, менің де «Айым»деген атымның ерекше баламасы болсын деп қойдым.Романды оқығандарыныз болса Қамар ақын қыз болған, сол сәйкестіктер келетін болғандықтан осылайша өзгешеленгім келді.
Қамар Сұлудың білім алып,тұлға ретінде қалыптасқан ортасы қандай?
Мен енді мектепте орта білім алдым.Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Өнер университетінде айтыс мамандығы бойынша білім алып жатырмын.Ал негізінен,тұлғалық қалыптасуым басталған ол айтыстың саласы,өнердің жолы,сахна деп білемін.Себебі,айтысқа қатысамын дегеннен бастап ,менің ізденісім көбейді,оқубілім,әлеуметтік болсын,саясиқоғамдық жаңалықтардан хабармен хабардар болып отырдым.Әлі де сол оқуды,өнермен байланыстырып ізденістерімді жалғастырып жатырмын.Менің айтатыным,адам өзіне қажетті жолды тапқан кезде ,ол жол оны өсіреді,тұлға ретінде қалыптастырады,дамытады.Тек қана өз жолынды таба білу керек деп ойлаймын.Мен өзімайтыссыз мүмкін басқа салада дамитын ба едім,бірақ дәл қазіргі уақытта өзіме ұнайтын қалпымды айтыс арқылы қалыптастардым және сонымен қатар білімді сол арқылы алдым.Білім тек қана кітаптан оқу емес,сахна адамды әртүрлі өмірдің сәттеріне,кезендеріне дайындайды.Сабақ аласын,үйренесің бұның бәрі өмірге керек деп ойлаймын.
Қанша дәстүрлі жыртерме білесіз?
Нақты мынанша жыртерме білемін деп кесіп айта алмаймын.Себебі,ол кәсіби тұрғыда жаттаған,сіңірген ,яғни, толыққанды алып шыққан термелерімде бар немесе жәй өзім үйреніп, сахнада орындамаған термелер бар.Көбіне мен Жетісу мектебінен Сүйінбай,Жамбыл күйнендерден білемін.Одан кейін құлақта жатталып жүрген барлық мектептердің жалпыы термелерін білемін десем де болады.Себебі,күнде тындап,күнде айтып жүрген нәрселер адам адамға сініп кетеді ғой.
Кішкентай кезіңізденақ кітапқұмар болдыңыз ба ?Бойыңыздағы шешендік өнер қай уақытта айқын көрініс таба бастады?
Әдебиетке деген қызығушылығым ерте ашылды.2сыныпта поэззия оқитынмын.Маған қызық болатын кім қандай өлең жазады және қалай жазатындығы.Кейін 5сыныпқа барғанда әдебиет пәні мұғалімі Айжан Мұратбекқызы одан әрі кітапқа деген қызығушылығымды арттырды.Кітапта берілетін романдарды да уақытынаң бұрып оқып тастап,зерттеп,қызығып жүрдім.7-8 сыныпта айтысқа келгеннең бастап,әртүрлі жанрдағы романдар,повесттар,кітаптар оқып бастадым.Қазір түрлі саладағы кітаптарды оқимын.Негізі,бұл бір адамға туа біткен қызығушылық болуы мүмкін,бір адамға жүре пайда болатын қызығушылық деп ойлаймын.Әжемнің ауылында үлкен кітап сөресі болатын.Сонда ойлайтынмын: «Осының бәрін оқысам ғой», «Кітаптан бас алмайтын сондай бір қыз болсам ғой»деп.Мүмкін,сол арманның әсерінен менде шешендік өнер ашылды.2-сыныптан бастап менде әлі күнге дейін үйде екі дәптердің бетіне жазған,дәл 2-сыныптағы жазуыммен жазған өз өлеңім бар.Сол уақыттардан бастап менде сөз өнеріне деген қызығушылық қалыптасты.
Осы өнер саласында басты мақсатыңыз қандай?
Айтыстағы менің басты мақсаттарымның бірі ол айтыстың болашағын жарқын ету.Біз жас өскелең ұрпақ, осы буын айтысты кейінгі ұрпаққа аманесен көбігін бұзбай,қалпын бұзбай жеткізсек,олар кейінгі ұрпаққа жеткізссе және бұл әрдайым өзектілігін жоғалтпаған халықтың аузынаңтүспейтін,рухани қазығы мол өнер болса деймін.Осы өнер арқылы мені бақылайтын інісіңілілерімнің қазақ әдебиетіне,қазақылыққа,төл өнерге деген ынталарын ашқым келеді.
Қазір Зере,Ұлпан,Домалақ аналарды айтамыз.Сіздің ойыңызша 15 жылдан кейін қандай тұлғаларды айтамыз?Қазіргі таңда қазақ қыздарының бейнесіне толық көңіліңіз толады ма?
Әрине,қазір барлық қазақ қыздарына көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын.Себебі,өзімде сол қатардамын.Менде қазақтың нағыз қызының образына толық сай емес болуым мүмкін.Бірақ,менің идеалымдағы қазақ қызы, ол ең бірінші оның тәрбиесі.Қазақта сөз бар ғой: «Ана көрген тон пішер»деген.Ана көрген қыздың тәрбиесі көрініп тұратын болса егер қазаққызының бойынаң, онда оны нағыз қазақ қызы деп айтар едім.Біздің қазақ халқының менталитеті,салтдәстүрі,оның ойөрісі де басқа халықтардан өте ерекшеленіп тұрады.Сондай жоғары мәдениетпен,сыйластықпен,қонақжайлылықпен дараланып тұрады.Ал,ана көрген қазақ қыздарының бойынаң «Осы қазақтың тәрбиесі қандай керемет!»дейтін барлық қасиеттер бар.Сондықтан да, ең әуелі қазіргі қоғамда сондай қыздар көбейсе деп ойлаймын және сол қыздар ана болған кезде ,өзінің ұрпағын тәрбиелеген кезде,барлық бойындағы рухани құндылықтарды ұрпағын дарыта алса,сонда ол қыздарды 15 жылдан кейін Ұлжан мен Зеренің ізін басқан қыздар деп айта аламыз.
Бұқаралық ақпараттар құралдарында тараған,сол бір көпшілікті тәнті еткен,аты шулы бейнежазбаға тоқтала кетсек.Бас жүлдені иелеген кезіңізде,халыққа арнаған өлең шумақтарында «Көкпаршы жігіттердің» астын ерекше сызып өткен болатынсыз.Сол бір өлең шумақтары қаншалықты шындыққа жанасады?Осы тарапта көптін көкейінде жүрген сұраққа жауап бере кетсеңіз?
Осыдан 1 ай бұрын Павлодар облысы,Май ауданыңда айтыс өтті.Финалда біз Аспанбек Жұматаев дейтін адуынды ақынмен айтыстық.Сол кезде ол кісі маған: «Май ауданыңда көкпаршылар көп.Сен осының біріне келін болып қал»деген болатын.Мен ол кісіге жауап ретінде: «Май ауданы маған қандай құрмет жасайды...»деп астарлай отыра, енді жүлденің мәселесі ғой,жүлде бар,қошемет бар,менде соған қарай әрекет жасап,әзілдеген болатынмын.Бірақ, енді құдайдың бұйырғанымен «Бас Жүлде» алдым.Сол «Бас Жүлде» алып тұрған кезде,енді халық айтысқа куә ғой, жана Аспанбек ағамен болған. «Жақсы,енді Бас жүлде беріп жатсындар, мен ойланып көрейін,әзірге ең мықты деген «көкпаршы» жігіт табылсын, соған ойланам»деген астарда сол айтыстың жалғасы ретінде айтылған шумақ.Бұның астарында,енді,тағдырдың қандай сый дайындағаның,қандай адам маңдайымызға жазылғаның білмейміз,бірақ, менің болашақ жарға қатысты ол нақты « көкпаршы» болу керек немесе болмау керек дейтін талаптарым жоқ.Ал,ол жерде нақты «көкпаршы» болу керек деп айтылғанмен,айтыс түсінетін,сахнаны түсінетін адамдар оның әзіл екендігін және айтыстың жүйесінде айтылғандығың қабылдады деген ойдамын.Негізі,толықтай шындыққа жанасады деп айта алмаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇