Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  370


Автор: Жібек Ысқақова

КӨҢІЛІМДІ ЗІЛ БАТПАН БАСТЫ НЕГЕ?

Көңілімді зіл батпан басты неге?
Жанарымнан қуаныш қашты неге?
Неге адамдар қатыгез боп барады,
Өзімшілдік көрсетіп, айтшы неге?
Уәде беру, сөз беру — жай сөз болды,
Жағымпаздық, мадақтау ай сөз болды.
Екі жүзді адамдар сайран құрып,
Өтірікке айтқаны бай сөз болды.
Алдау, арбау, өсектеу көбейіп тұр,
Айлакердің жүрісі кеңейіп тұр.
Ғаламторда тағы бар бәтшағарлар,
Алдап алып сұрайтын мөлейіп құн.
Сыйластықтар тасада қап барады,
Ажырата алмай біз ақ, қараны.
Сүрінгенге жұдырық болып біздер,
Шығамыз-ау үстінен таптап әрі.
Бауырмалдық айналды салқындыққа,
Достық сенім ұласып сатқындыққа.
«Өзім болсам», «мен толсам» заман болды,
Өзімшілдік сызат сап жақындыққа...
Осыларды ойласам ұйқым қашар,
Көңілімді зіл батпан қиқым басар.
Зілді батпан қиқымнан құралатын,
Сол қиқымдар өмірді қиындатар.
Зіл батпаннан құтылып, сыйласайық,
Сүрінгенге демеу боп, мұңдасайық.
Өмір жалған бір-ақ рет берілетін,
Сыйластықпен одан да қырды асайық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу