Өлеңдер ✍️
ӨЗІҢ АЙТШЫ, БАҚЫТЫМ СЕН БЕ ЕДІҢ?
Көңілімді басқанда қара түнек,
Жүргенімде мұңайып, әлсіз, жүдеп.
Демеу болар, дем берер сен бе едің?
Қолдау болып әрқашан жазар тілек.
Оң мен солым жарыса таласқанда,
Өз жолымды таба алмай адасқанда.
Жол көрсетер жолсерік сен бе едің?
Жұлдыз болып шашылар бар аспанға...
Ұйқым қашып өмірден түңілгенде,
Жығылғанда тұра алмай сүрінгенде.
Қолтығымнан демер жан сен бе едің?
Бақытымды көрсетіп дүйім елге...
Жалғыздықтан жүрегім сыздағанда,
Сатқындықтан көңілім мұздағанда.
Бұл жанымды жылытар сен бе едің?
Шаттығымды асырып бұл ғаламда...
Бұл өмірге қолымды сермегенде,
Қамқорлықты сезініп көрмегенде.
Қамқор болар қамқоршым сен бе едің?
Қатал тағдыр жайлығын бермегенде...
Әр күн сайын қасымнан табылатын,
Алыс кетсем іздейтін, сағынатын.
Өзің айтшы, бақытым сен бе едің?
Сәл жоқ болсам мұңайып қамығатын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇