07.06.2023
  127


Автор: Артюр Рембо

BOTTOM

 


 


Тар жаратылыс кең болмысыма тым ауыр тиді – дегенмен, тап болып қалдым Ханымға; көк-сұр құс болып кешкі ымыртта қанатын сүйреп төбедегі әшекейлерге қарай ұшады.


Бағаналар жапқыштарының етегінде, физикалық шаһхарлары мен зергерлік бұйымдарын жарқырататын, бір аю бар – қызылиегі қаракөк, көңілсіздіктен жүні кеткен ағарып, көздерінде – мөлдір шынылар мен әшекейлердің күмісі.


Бәрі қараңғыға, ыстық аквариумға айналды.


Азанда – маусымның соғысқұмар таңында – мен есекке айналып, шапқыладым далаға, қолды болған қатынша өмірдегі іреніштерім хақында сайрадым бассалғанша желкемнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу