Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2023
247
Жан анашым-ау, ақ анашым-ау...
Жан анашым-ау, ақ анашым-ау,
Мейірлене күліп қадаласың-ау.
Сын көзіңмен сен қарай бермеші,
Батыңқырап жүр балаңа сынау.
Баянды бақыт тапты өңір бүгін,
Байлығым, барым − ақ көңілділігім.
Мақсатым көп-ақ:
Арқалап өтсем
Азапты да тәтті өмір жүгін.
Әзірге кейде шаттандыра алмадым,
Ұлым солай деп мақтандыра алмадым.
Өзіңді мәңгі ренжітпей өту-
Кеудемде, апа, жатқан бір арманым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇