Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  78


Автор: Сүлеймен Бақырғани

МЕН КҮНӘҺАР НЕ ҚЫЛАРМЫН?

О, Жаратқан, қиямет күн

Мен күнәһар не қылармын?
Өз
-өзіме зиян еттім,
Мен күнәһар не қылармын?
Таразы
-мизан құрар
-ды Алла,
Айдауылдар тұрар
-ды алда.
Қылмыстарым сұралғанда
,
Мен күнәһар не қылармын?
Пайғамбарлар тізерлеген

Көз жасына жүзер кемең.
Бәрі үмітін үзер менен,
Мен күнәһар не қылармын?
Ғарасатқа жиылғанда
,
Амал
-дәптер
– сыйым қолда,
«Оқы енді!»
– деп бұйырғанда,
Мен күнәһар не қылармын?
Жалғаншыда пайда айырған
Шығыпты өлім
– қайғы ойымнан.
Не пайда енді ойбайымнан?!

Мен күнәһар не қылармын?
Қайыр, ихсан қылғаным жоқ,
Тән
-былғаныш.
Бұрмадым бет

Не болады бұл халім?
– деп.
Мен күнәһар не қылармын?
Халайықтың мұндағы бар
Бірі сопы
– қылғаны зар,
Бірі ғалым
– нұрға құмар,

Мен күнәһар не қылармын?
Бірі ілімін аян қылған,
Бірі амалын баян қылған,
Амалдыны аман қылған.

Мен күнәһар не қылармын?
Фазылыңнан дәметемін,

Жоқ екенім, бар екенім!
 Әділіңнен зар етемін,
Мен күнәһар не қылармын?
Құлшылықтың тастап бәрін,
Дүние қуып асқақтадым.
Өлем-ау деп, қас қақпадым,
Мен күнәһар не қылармын?
Сыпырылып киім, ол да,
Басымнан су құйыларда,
Не болады күйім онда? –
Мен күнәһар не қылармын?
Иә, Расул Аллам, қате – батпан,
Кешірсе Алла – атады ақ таң.
Тыс қалдырсаң шапағаттан –
Мен күнәһар не қылармын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу