31.03.2023
  1362


Автор: Намаз

Ерлерге құптан намазы үлгісі, 2 рәкат сүннеті (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)

Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған ақшам намазының сүннеті оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!


Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.


Құптан намазының 2 раакат сүннеті


Жайнамазда, не нәжістен таза жерде жүзіңді құбылаға қаратып, қиямға тұрып, жүрекпен қылған ниетті, «иә Алла, өзіңнің ризалығың үшін, ниет еттім құптан намазының 2 ракағат сүннетін өтемекке. Жүзімді қараттым құбыла тарапына халисал лилләәһи тағааләә» деп тілмен бекітіп, алақанды жазып, құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп, «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып, «Аъуузу билләһи минәш-шәйтоонир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Фәләқ» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп, руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» «Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты өтеуге қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир-рохмәәнир- рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Нәс» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб- би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп, руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, «Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп отырып, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, ««Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн-нәәр. Роббәнағ фирлии уәли- уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп, басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп, намазды аяқта. 3 рет «Әстағфируллааһ» деп қолжайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс- сәләәму тәбәәроктә иәәзәл жәләәли уәл икроом «Аллааһу Әкбар» деп бата жасап, бет сипа.





 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу