31.03.2023
  2403


Автор: Намаз

Ерлерге құптан намазы үлгісі, 4 рәкат парызы (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)

Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған құптан намазының парызы оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!


Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.


 


Құптан намазының 4 раакат парызы


Жайнамазда, не нәжістен таза жерде жүзіңді құбылаға қаратып,қиямға тұрып, Азан шақырып, батасын жасап, қамат айтып, жүрекпен қылған ниетті «иә Алла, өзіңнің ризалығың үшін, ниет еттім құптан намазының 4 ракағат парызын өтемекке. Жүзімді қараттым құбыла тарапына халисал лилләәһи тағааләә»деп, тілмен бекітіп, алақанды жазып құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып, қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып, «Аъуузу билләһи минәш-шәйтоонир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәә-нир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа барып, Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм, Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Аллааһу Әкбар» деп 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты өтеуге қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Ықылас» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнәроб-би- йәл ъазыйм, Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп отырып, «Әттәхийәт» оқып, 2-ракағат бітіп, «Аллааһу Әкбар» деп, 3-ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир- рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роббәнәә уә ләкәл хамді, «Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп 3-ші ракағат бітіп, 4-ракағатты оқуға қиямға тұр. Қол байлап, «Бисмил-ләәһир-рохмәәнир- рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта, 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп, руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп, сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, отыр да, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн- нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләикум уә рохматуллааһ» деп, басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләикум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп, намазды аяқта. 3 рет «Әстағфируллааһ» деп қолжайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс- сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икроом «Аллааһу Әкбар» деп бата жасап, бет сипа.





 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу