Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  205


Автор: Түрік поэзиясы

ҒАРІПТІКТІҢ ІШІНДЕ ҒАРІПТІГІМ

Ғаріптіктің ішінде ғаріптігім,
Күйдім-жандым, жүрмін мен налып бүгін.
Сағыныштың ішінде сағынышым,
Кейде толдым,
Ал, кейде арып түрім.
Мен бір бейбақ сенделдім қайталап көп,
Күздің желі мұңлы əуен айтады ептеп,
Көрсетеді хəлімді ишаралап,
Бірде солдым, тірілдім қайта көктеп.
Ыстық ұрған даладай қуырылдым,
Кейде бұлттай лықсып кеп суырылдым.
Жаңбыр болып құйылдым толастамай,
Кепкен жерді, көл болып жуындырдым.
Көктем келіп гүл ашты қауыздарын,
Жəндік те асқа толтырды ауыздарын.
Тірлік үшін жан біткен тыпырлайды,
Сездім шаршап жанымның аңызғағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу