Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  85


Автор: Нұржан Наушабаев

КӨҢІЛАШАР

Айт дегенде өлеңді аяр болмас,
Жамандардың сөзінде баян болмас.
Осындайда өлең айт, замандастар,
Күнде мұндай тамаша даяр болмас.
Сарыала шымшық,
Болдым ынтық,
Қойдың ғой ынтық етіп мені бүйтіп.
Ауылыма жүре көр келіп-кетіп,
Көтерелік көңілді еліктетіп.
Қос аттыға жеткізбей кетер өмір,
Басымыздан барады дәурен өтіп.
Сарыала шымшық,
Болдым ынтық,
Қойдың ғой ынтық етіп мені бүйтіп.
Бәйтеректің басында бір ақсұңқар,
Саулығымды қалқатай кімнен сұрар.
Ғашық жармен, құрбылар, күл де ойна,
Қай моланың басында малың тұрар?
Сарыала шымшық,
Болдым ынтық,
Қойдың ғой ынтық етіп мені бүйтіп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу