03.10.2022
  158


Автор: Ертай Ашықбаев

ТЫНЫҒУ

Кетті ме екен ұйықтауға ол тағы да?
Ай тығылды бұлттың арғы жағына.
Қырау жапқан шығар, бәлкім, «ішігін»,
Ұясына кіріп кетті күшігің.
Жалындырмай анаң менен әкеңді,
Сен де, күнім, төсегіңе жат енді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу