Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 82 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 82
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 7 бөлім. Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Жарыс элементтері бар ойындар | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну 3.2.4.4 Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолдану және пайдалану | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Ойын белсенділігі кезінде әлеуметтік дағдыларды түсіну, көрсету және талқылау. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
дене бөлшектері: бас, қол, аяқ, иық, бел Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика және биология сабақтарымен байланыстыру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар комуникативтік дағдыларды дамыту үшін, қозғалмалы және еріктік қасиеттерін, жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындайды. Әртүрлі әлеметтік дағдыларды түсіну үшін, қозғалмалы ойындар, жарыс элеметері бар ойындар ойнап рольдерімен ауысады. Бөлімде оқушыларға топтық қозғалыс белсенділігін дамытуға дамытуға бағытталған. Бұл бөлімде бағдарлама қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын белсенділігін өз табиғаты, ынтымақтастық және бәсекелестік, жарыстарда ынтымақтастық бойынша, әлеуметтік дағдылардың түрлі аспектілерін дамыту. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Жарыс элементтері бар ойындар» Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету. Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру. Оқушыларды шағын топтарға бөлініп, футбол ойынының элементтерін яғни, допты алып жүру, доппен қимылдар жасау арқылы эстафеталық ойындармен жарыстыру. 1. Оқушылар конустардың арасымен футбол добын жыланша алып жүреді. Соңғы белгіні айналып, қайтарда түзу оралады. Барлық оқушылар осылай доппен жүгіріп келеді. 2. Оқушылар футбол добын гимнастикалық таяқшалармен екі жағынан қысып алып, жүгіріп, өз белгісін айналып келулері тиіс. Барлық оқушыларды тапсырмаларды орындайды. 3. Оқушылар өз белгілеріне дейін футбол добын аяқпен конгустың арасымен алып жүріп, қақпаға тебулері тиіс. Барлық оқушы осы тапсырманы орындауы керек. Қайтарда түзу допты аяқпен алып келеді. Жалпы, эстафеталық ойынды сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Тапсырмаларды орындау кезінде қандай қиыншылықтар болды? Бұл тапсырмалар Сіздерге қиын болды ма? Оқушылардың тапсырманы орындаудағы әрекеттерін бағалау арқылы дұрыс орындау әдісін түсіндіру, көрсету. Жақсы орындап көрсеткен оқушыларды мақсатау арқылы бағалау. Икемділігі төмен оқушылармен жекелей жұмыс жасау. Допты алып жүру әдістерін көрсету. Қорытындылау немесе бағалау. Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру. | Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б Қимылды ойындарға сілтеме: http://allforchildren.ru/games/active_index.php Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б Қимылды ойындарға сілтеме: http://allforchildren.ru/games/active_index.php Футбол ойынының техникасына сілтеме: http://sinref.ru/000_uchebniki/05000sport/113_Uchebnik_po_Mini_futbolu_nikolaev_2008/003.htm | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
|
Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
| Мектеп құндылықтарын қолдайды. Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу. Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру